Варшавада Қазақстандағы адам хақы талқыланды
Қазақстандық белсенді мен құқық қорғаушы халықаралық жиында елде азаматтар "негізсіз қудаланып, азапталатыны" туралы баяндама жасады. Құқық қорғаушы судьялардың Ақордаға "тәуелді" екенін айтты. Жиынға қатысқан Қазақстан билігінің өкілі жеке оқиғаларға емес, жүйелі мәселелерге назар аударуға шақырды.