Украинадағы соғыс Ресей басқаратын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қарым-қатынасын қиындатты. Олардың кейбірін шекарадағы жанжалдарға Мәскеудің селқос қарағаны алаңдатады.
Ресей басқыншылығы Украинаның шығысындағы бейбіт халықты тығырыққа тіреп, тағдырын тәлкекке салды. Украинаның қарсы шабуылы оларды оккупациядан азат еткенімен, көбінің өмірі күл-талқан болды.
Украинаның Ресей басқыншылығына қарсы күресінде дрондар маңызды рөл атқарады. Киев осы соғыс құралдарын барынша тиімді пайдалану үшін дрон операторларын көптеп дайындауға тырысып жатыр.
Соңғы күндері Ирандағы наразылыққа өнер, спорт саласының өкілдері, жалпы зиялы қауым үн қоса бастады. Бұл наразылық коронавирустан айтарлықтай зардап шеккен Иранда пандемиядан кейінгі халықтың билікке қарсы ашу-ызасын қамтыған ауқымды қарсылық акциясы болды.
8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 96 жасында қайтыс болды. Ол ұлт бірлігі мен тұрақтылық символына айналған еді. Оның кезінде монархия екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және әлеуметтік проблемаларды еңсерді.
Ресейдің Украинаға басқыншылық жасағанына алты ай болды. Батыстың Украинаны қолдауы бәсеңдеп жатыр ма? Путин мен Зеленский саяси проблемаға тап болды ма? Ресей энергия көздерін тоқтатып, Еуропа жылусыз қала ма? Батыс қару беруді арттыра ма? Кім жеңіп, кім жеңіледі?
Мәскеу түбінде ресейлік оңшыл радикал философ, "орыс әлемінің" идеологы Александр Дугиннің қызы автокөлігі жарылып, қаза болды. Екі күн өтер-өтпесте Ресей федералды қауіпсіздік қызметі 29 жастағы Дарья Дугинаны кім өлтіргенін анықтағанын мәлімдеді.
Еуроодақ елдерінің кейбірінде дау-дамай мен пікірталас өршіп тұр. Олар "Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салып, Украинаға басқыншылық жасағаны үшін Кремльді жазалау керек пе?" деген сұраққа жауап іздейді.
Тағы