29 жастағы Нұртас Нұрғалиұлы мен 32 жастағы Нұрислам Әліпбайұлы оқушы кезінен құмар ойынға үйір болған. Жылдам ақшаға дәндеген екеуі соның жетегінде он жылдан аса жүрген. Дос-жараннан ажырап, барын ойынға салып, қарызға белшеден батқанда өлім туралы да ойлапты. Бірақ екеуі де арнайы маманның көмегімен құмар ойынға тәуелдіктен құтылған. Қазір олар ойын тұзағына түскен басқа адамдарға жәрдемдесіп жүр.
Қырғыз омарташыларының үш буыны бал жинау үшін ел ішінде көшіп-қонып жүр. Жаһандық климаттың өзгеруі отбасылық бизнеске де әсерін тигізіп жатыр: араның ұясын көшіру жоғары өрлей-өрлей, Екі Нарын алқабына тірелген. Бұл жерден Сырдарияға құятын өзендер бастау алады.
Қарағанды облысында тұратын жас кенші Николай Девяткин кенжарда техника қауіпсіздігі талаптары бұзылғанын басшылыққа жеткіземін деп, жұмысынан айырылып қалғанын айтады. Ал бұрынғы жұмыс берушісі Девяткин тыйым салынғанына қарамастан ұялы телефон алып кіріп, "тәртіп бұзғаны үшін" шығарылды дейді.
Дау-дамай, айқай-шу, айыптау. 16 тамызда Алматыда АЭС салу жоспары талқыланды. Талқылауға шақырылған спикерлер атом станциясын тұрақты энергия көзі деп мақтады, бұған қарсы азаматтар экологиялық қауіпсіздік мәселесін көтеріп, құрылыстың экономикалық тиімділігі мен АЭС салдарын сөз етті.
Бала саны көп және үш ауысыммен оқып жатқан мектептер мәселесін қалай шешуге болады? Мектепке орамал тағып келу дұрыс па? Ресей Қазақстанның білім беру саласына ықпал ете ме? Неліктен Қазақстанда да Ресей заңнамасына сай ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселесі көтеріліп жатыр? "Ескі" Қазақстанның "жаңа" Қазақстаннан қандай айырмасы бар? Азаттық білім, саясат және депутаттардың бастамасы туралы осы және өзге де сұрақтарды мәжіліс депутаты және бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетовке қойған еді.
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау аяқталды. Ресми ақпарат бойынша, 2650 үй иесі әкімдікпен келісімшартқа отырған. Оларға 72 млрд теңгеге жуық өтемақы төленген. Азаттық тілшісі сөйлескен тұрғындардың кейбірі өтемақы көлеміне келіспесе де, әкімдікпен келісімшартқа отырғанын айтты. Келісімшартқа отырудан бас тартқан кей тұрғын "әділетті өтемақы" талап етіп, сотқа жүгінді.
Үкімет Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы тұрғыны азайған ауылдарды сақтап қалу үшін оңтүстіктің халқын көшіп баруға ынтыландырғысы келеді. Бұл бастаманы белсенділер де қолдайды. Бірақ қоныс аударғандар онша көп емес. Жергілікті халық шалғай ауылда жағдай жасалмағанын айтып налиды. Азаттық тілшісі Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ және Қараой ауылдарының жағдайын көріп қайтты.
Павлодар облысында алтын кенішінде автобус құлағанда қаза тапқан құтқарушы Олег Тышкевичтің қызы әкесі жұмыс істеген авариялық-құтқару қызметімен соттасып жүр. Мекеме қаза тапқан қызметкерінің туыстарына төрт миллион теңге ұсынған. Марқұмның отбасы бұған үзілді-кесілді келіспей отыр.
Қазақстанның бірнеше өңірінде сот мектеп әкімшілігінің басына орамал тартқан шәкіртті сабаққа кіргізбей, оқудан шығаруын заңсыз деп тапқан. Бірақ сотта жеңіп шыққан ата-ана мен мектеп арасындағы тартыс тоқтар емес. Неге?
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Руслан Қуаттың әйелі Айгүл Ахметжанова үкіметтен марқұм күйеуінің екі жылдық жалақысына тең өтемақы талап етіп сотқа жүгінді. Оған қоса жерлеу шығынын да өндіріп алғысы келеді. Төрт баласымен жесір қалған әйелдің арызын сот қанағаттандырмады.
Алматыдан АҚШ-қа жақсы өмір іздеп кеткен отбасының бастан кешкенінен шытырман фильм түсіруге болады. Отбасы азын-аулақ мүлкін сатып, бірнеше ел арқылы Америкаға жақындап, теңізді жүзіп өту үшін қайыққа мінеді. Бірақ жиырма мигрант мінген кішкентай қайықты толқын аударып жіберген. Бірнеше сағат ашық теңізде бөшкеге жармасып, бір үйлі жан әрең тірі қалады. "Енді қайыққа отырмаймын" дейді үйдің бес жасар кенжесі.
18 шілдеден бастап режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Әке-шешесінен жырақта өскен баланың күйзелісін көрсеткен фильмнен көрермен әсерленіп шықты. Өзі де осы дәстүрмен ата-әжесінің қолында өскен фильм авторынан Азаттық сұхбат алды.
Тағы