Қазақстан үкіметі халықтың зейнетақы жинағын инвестициялық жобаларға пайдалануды жалғастырып келеді. Алдын ала деректерге сүйенсек, енді 1,5 трлн теңгенің әңгімесі шығып отыр. Мемлекет елдің зейнетақы жарнасын ҚТЖ-ға жүк вагондарын сатып алуға және кәріз құрылысын салуға жұмсауды ұйғарған. Оған қоса, БЖЗҚ-дан ақша алу жолы да таза емес. Болашақ зейнетақыма деп ақша жинап жатқан қазақстандықтар бұдан ұта ма, жоқ ұтыла ма?