Астық тасымалдаудағы көлік коллапсы ішкі нарыққа және экспортқа өнім жөнелтетін кәсіпкерлерді тығырыққа тіреді, кейбірі жұмысын тоқтатуға мәжбүр екенін айтады. Сарапшылар мұны тасымалмен айналысатын ұлттық оператордың шетелдік транзитке басымдық беруімен байланыстырады.
Ұлттық банк инфляцияға қарсы күрес мақсатында бір жылда бесінші рет базалық пайыздық мөлшерлемені өсіріп отыр. Бұл нені білдіреді? Мұндай шешімнің соңы неге әкелуі мүмкін? Мәселені қалай шешуге болады? Азаттық экономист Марат Қайырленовпен сөйлесті.
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақ ақшасын инфляция "жұтып" жатыр. БЖЗҚ қаржы тоғыз айда 5,3 пайызға өскен дейді, бірақ осы кезеңдегі инфляция мөлшері – 15,4 пайыз. Инфляция көрсеткішінің есептелуі де – даулы мәселе. Сарапшылар үкімет манипуляция жасап отыруы мүмкін деп санайды.
Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін екі апта ішінде Қазақстанға 300 мыңға жуық ресейлік келген. Алғашқы топ көктемде батыс елдері Ресейдің банк жүйесіне санкция салған кезде ағылды. Қазақстанға келген ресейліктер рубль әкеледі. Бұл ақша қазақстандық банктерде іске жарамай, бос жатыр. Неге?
Қазақстан үкіметінің институты – "Бәйтерек" холдингі ресейлік Сбердің еншілес компаниясын сатып алды. Сарапшылар бұл қадамды санкция салынған банкті құтқару үшін жасалған саяси келісім деп бағалайды. Банкті сатып алуға мемлекеттен қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз.
Он жылға жуық уақыт бұрын Қытай "Бір белдеу – бір жол" жобасын іске қосып, көптеген елге миллиардтаған доллар несие берді. Экономикалық қысым күшейген тұста Қырғызстан мен Пәкістан секілді елдер қарызын қайтаруға қиналып жатыр. Ал Шри-Ланкада төңкеріс болды.
Қазір Қазақстан зауыттары 226 мың тонна қант шығарады, яғни ішкі сұраныстың жеті пайызын ғана қамтамасыз етеді. Азаттық елде қант өнеркәсібі неге кенже қалғанын анықтап көрді.
Ресейден Германияға газ айдайтын "Солтүстік ағын-1" құбыр желісінің жұмысы техникалық себептермен он күнге тоқтап, енді қайта іске қосылды. Бірақ құбырмен жіберілетін газ бұрынғы көлемінен аз. Еуропадағы энергетика дағдарысы жайлы не білу керек? Түсіндіреміз.
Еуропаға "Бір белдеу – бір жол" жобасы аясында көбіне Ресей арқылы тауар тасыған Қытай енді балама жолдар іздеп жатыр. Кремльдің Украинаға басқыншылығынан кейін Батыс елдері Ресейге санкция салған соң, Пекиннің бұл мүмкіндігі шектелген еді.
Қазақстанда тауар мен қызмет бағасының өсуімен қатар ұшақ билеті де бір жылда орташа есеппен алғанда 17,7 пайызға қымбаттаған. Әсіресе халықаралық рейстер бағасы шарықтап тұр. Украинадағы соғыстың кесірінен ұшақтар айналма жолмен ұшуға мәжбүр. Бірақ билет бағасына әсер еткен басқа факторлар да бар.
Тағы