Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.
Биыл көктемде тасқын қаупі төніп, төтенше жағдай режимін жариялаған алғашқы аймақ – Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді. Жұрт тек құжаты мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген. Таяу арада су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін.
Абай облысында тасқын басталғалы 4 адам суға ағып кеткен. Бірақ бүгінгі үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі адам шығыны жоқ деді.
Қоғам "әйелін аса қатыгездікпен, қинап өлтірді" деп айыпталып, істі боп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бақылап отыр. Бірнеше Youtube-арна арқылы ашық көрсетілген сот процесінің қаралымы миллионнан асқан. Әлеуметтік желіде де талқылап, пікір жазып жатқандар көп.
Тағы