Accessibility links

Қазақстан сенатының алғашқы төрағасы Өмірбек Байгелді өмірден өтті


Өмірбек Байгелді.
Өмірбек Байгелді.

1996-1999 жылдары Қазақстан парламенті сенатының алғашқы төрағасы болған Өмірбек Байгелді 3 сәуірде 84 жасында дүниеден озды. Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Биліктегі мансабын коммунистік партия басқарған советтік Қазақстан кезінде бастаған Өмірбек Байгелді 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметінде істеді.

Совет одағы құлар алдында екі жарым бұрын Қазақстан басшылығына келіп, содан бастап елді отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі тұсында Өмірбек Байгелді Жамбыл облысының әкімі, президент кеңесшісі болды. Конституция бойынша мемлекеттік билік иерархиясында президенттен кейін екінші болып тұрған жоғары лауазымды қызметте – парламент сенатының төрағасы болып істеді.

Ол парламенттің жоғарғы палатасында 16 жылдан астам уақыт отырды – бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы сенаттың депутаты болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG