Бұрын инженер-дәрігер болған, Өзбекстанда бір рет пайдаланылатын шприц шығаратын алғашқы зауытты ашқан кәсіпкер Саидикром Ахроров көп жыл бұрын өз еркімен елден кеткен. Кейін Шавкат Мирзияев билікке келген соң, жаңа президенттің реформалар туралы уәдесіне сеніп, Ташкентке оралған. Бірақ ол қаржы алаяқтығы мен жемқорлыққа тап болғанын айтады.
2006 жылғы адам өліміне ұласқан Шаңырақ оқиғасы ел тәуелсіздігінен кейінгі билік пен халықтың алғашқы қақтығысынан туындады. Азаттық радиосының қызметкерлері Кенжебек Нұрқасенұлы мен Талғат Дүйсенбек оқиғаның қалай өрбігенін, оның себептері мен салдары жайлы айтады. Талғат – оқиға орнынан хабар таратқан журналист. Бүгінде марқұм, Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаев та Шаңырақ қақтығысында сол жерде болған.
Ел тәуелсіздігінен кейінгі алғашқы қақтығысқа заңсыз салынған үйлерді биліктің күшпен сүруі түрткі болды. Бір полицей қаза тапты. Даулы жер телімдері кейін заңдастырылды. Сол кезде Азаттықтың Алматы бюросын басқарған Кенжебек Нұрқасенұлы және оқиға ортасында болған Талғат Дүйсенбек әңгімелейді.
Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөнінде қоғамдық тыңдау жалғасып, жария талқылау жүріп жатыр. Мақсат – жергілікті халыққа станцияның маңызын түсіндіру. Арнайы комиссия 17-18 шілде күндері Атырау мен Орал қалаларында тұрғындармен кездесті.
Қазақстандық шенеуніктер шетелден келген көлікті қайта өңдеуге деп алынатын қымбат алымды арзандатуды ұсынған белсенділердің сөзін қабылдамайтын сияқты. Ал премьер-министр елді импортқа тәуелсіз "көлік державасы" болуға үндеді. Бірақ утилизация алымы мен қазіргі жағдайдан үлкен пайда көріп отырған көлік құрастыру зауыттарына қарсы қозғалыстың қарқыны күшті.
Кейінгі аптада Израиль әскері "террористер жасырынған" деп Газа аймағының әлеуметтік нысандарына соққылар жасады. Палестина әкімшілігі соғыс басталғалы Газада 39 мыңға жуық адам қаза тапты дейді. 9 айға қорытынды жасаған Израиль "ХАМАС-тың 14 мың содырының көзін жойдық" деп мәлімдеді.
Қырғызстанда жүздеген шопан көктемнің аяғында таудағы жайлауға ұзақ, қиын да қауіпті жол жүріп жетеді. Мал жаюға шөбі шүйгін жер іздеген көшпенді қырғыздар алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда биік тауға шығуы керек.
Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шетелден әкелінетін көліктерге утилалымды алып тастау талабын қабылдамағысы келмеді. 15 шілдеде Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда ведомства өкілдері осындай алдын ала шешім шығарып, петицияда көрсетілген уәждер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Тағы