Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Англия Швейцарияны, Нидерланд Түркияны жеңді. Осылайша, Англия мен Нидерланд енді жартылай финалда ойнайды.
6 шілде – Астана күні және Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Мерекенің тарихи негізі –Жоғарғы кеңестің астананы Ақмолаға көшіру туралы 1994 жылғы 6 шілдедегі қаулысы. Азаттық мерекеде астаналықтардың Назарбаев туралы пікірін сұрады. Көпшілік пікірі әртүрлі болып шықты.
Сталиндік қуғын-сүргін тұсында Қазақстанға келген Америка ғалымы Альфред Хадсонның еңбегіне Азаттық 1972 жылы шолу жасайды. Шолуды жинаққа жариялаған медиа-зерттеуші Рахима Нұриден мен осы еңбекке сілтеме жасаған тарихшы Мақсат Алпысбес монографияның маңызын талдайды.
Қуғын-сүргін тұсында Алматыға келіп қайтқан америкалық ғалым Альфред Хадсонның еңбегіне Азаттық 1972 жылы шолу жасаған. Медиа-зерттеуші Рахима Нұриден мен тарихшы Мақсат Алпысбес монографияның маңызы жайында айтады.
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Испания алаң иелері Германия құрамасынан, Франция Португалия құрамасынан басым түсті. Енді Испания мен Франция финалға шығу үшін өзара ойнайды.
5 шілдеде Украинаның Киев облысы Чайки ауылында қазақстандық оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube арнасының авторы Айдос Садықовты ақтық сапарға шығарып салды. Туған жері Ақтөбеде де Садықовтың жерлестері, серіктері еске алып, құран бағыштады.
Тағы