Қазақстанның бірнеше өңірінде сот мектеп әкімшілігінің басына орамал тартқан шәкіртті сабаққа кіргізбей, оқудан шығаруын заңсыз деп тапқан. Бірақ сотта жеңіп шыққан ата-ана мен мектеп арасындағы тартыс тоқтар емес. Неге?
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Руслан Қуаттың әйелі Айгүл Ахметжанова үкіметтен марқұм күйеуінің екі жылдық жалақысына тең өтемақы талап етіп сотқа жүгінді. Оған қоса жерлеу шығынын да өндіріп алғысы келеді. Төрт баласымен жесір қалған әйелдің арызын сот қанағаттандырмады.
Журналист, Ne Deidi YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімнің сотында жарыссөз аяқталды. Айыптаушы соттан журналисті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады.
Тағы