1993 жылы Азаттық радиосына 40 жыл толған кезде радионың Алматы бюросы ашылды. Бүгінгі хабарда осы жөнінде айтып, "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасын осы эпизодпен аяқтамақпыз. Подкаст алдағы уақытта басқа атаумен одан әрі жалғасады.
Совет одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, Алматыда Азаттық радиосының бюросы ашылды. Оның ашылуы рәсімінде тілек-ұсыныстарға қоса естелік айтқандар да болды. "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының 70-эпизоды осыған арналады.
2 тамызда Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Азаттыққа бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Азаттықтың Татар-Башқұрт редакциясының тілшісі Алсу Құрмашева жақында бостандыққа шықты. Ол Батыс елдері, Ресей мен Беларусь арасындағы тұтқын алмасу шарасы аясында босатылды. Алсу 288 күнін қамауда өткізді. 19 шілдеде Татарстанның Жоғарғы соты журналисті «әскер туралы жалған ақпарат таратты» деген айыппен түрмеге жапқан. Idel.Реалии сайты Алсудың хикаясы мен журналистің тергеу абақтысынан жазған хаттарын баяндайды.
1 тамызда Париж олимпиадасында Қазақстан екі боксшысы жеңіліп қалған соң нәтижеге күмән келтіріп, төрешілердің шешіміне шағымданды. Қазақстан қай жекпе-жектің нәтижесімен келіспейді? Халықаралық олимпиада комитеті төрешілер шешімін өзгерте ме?
Кейбір спорт сарапшылары биылғы Париж олимпиадасында Орталық Азия елдері Токио мен Рио додасындағы нәтижесінен артық жетістікке жетеді деп ойлаған да жоқ. Бірақ Өзбекстан мен Қазақстан Парижде алғашқы алтын медалін алып, өңір спортшылары өз мықтылығын көрсетті.
Тегеранда “ХАМАС” террор ұйымының лидері Исмаил Ханияны өлтірді. Иран қастандықты Израиль ұйымдастырды деп, кек қайтаратынын айтты. Израиль шабуылды өз мойнына алған жоқ. Сарапшылар Иран мен оның одақтастары бұл қастандықты жауапсыз қалдырмайды дейді.
Тағы