Қазақстанда президент сайлауына кандидат боп тіркелген адамдардың кейбірі әлеуметтік желіде өзара пікірталасты бастап кетті. Бірі дебатта "қуыршақ емес үміткерлерді" көргісі келеді, тағы бірі қарсыласын "далбасаламауға" шақырады.
Үш партия мен онаннан аса ұйым бірігіп ұсынған қазіргі президент әрі президентікке кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихаты қызып тұрса да, оның Астанадағы орталық штабы жабық тұр. Штаб жұмысын көруге барған әріптестерім есіктен кіре алмай, терезеден сығалауға мәжбүр болды.
Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына кандидат алты үміткердің сайлау қорына 1 қарашаға дейін түскен қаражатты жариялады. Ең көп ақшасы бар кандидат – президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақшасы ең аз адам – Салтанат Тұрсынбекова.
Алдағы кезектен тыс президент саулауына түсетін Жигули Дайрабаев ел аралап жүр. Оның штабы кандидаттың атын шығару үшін хайпты да әбес көрмейді.
Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихатты бастағанына 10 күн болды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үміткері Астанадағы штабында тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын қабылдап жатыр. Ол "жүйені өзгерту үшін билікті парламент алуы керек" деп есептейді.
Қазақстанда президент сайлауы қарсаңында Жамбыл облысы Қордай ауданының кәсіпкерлері жергілікті әкімдік кандидат Қасым-Жомарт Тоқөаев қорына 500 мың теңге аударуды талап еткенін айтып, шағымданды. Бұны қысым деп бағалаған олар құзырлы органдарға шағымданған. Әкім айыптауды жоққа шығарады.
20 қарашада өтетін президент сайлауына алты кандидат тіркелді. Астана жұрты кандидаттар жайлы не дейді?
Бірі — қазіргі президент, бірнешеуі оны қолдайды және өзін оппозиция санайтын жалғыз адам. Алдағы президент сайлауы осындай құраммен өтпек. Президент болғысы келетіндер кім? Сайлауға түссе де, президент болғысы келмейтіндер кім? Қысқа шолу ұсынамыз.
20 қарашада өтетін президент сайлауына бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінген. Қаржының қалай, қайда жұмсалуын Орталық сайлау комиссиясы қадағалайды.
Тағы