Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз бастамасы бойынша өткізілген кезектен тыс сайлауда озып шықты. ОСК жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы осындай. Сарапшылар болжағандай, негізгі кандидат өзіне дейінгі басшының сайлау өткізу мәнерін қайталады.
Белсенділер мен билікке наразы адамдар сайлауда дауыс беру парағына түрлі талап жазып, желіде жариялап жатты. Көбі Қаңтар оқиғасын еске алған. "Ешбір кандидатқа сенбеймін" дегендер де бар. Бюллетеньдердегі "наразылықты" шолып шықтық.
Қаңтар оқиғасында оқ тиіп жараланған Саят Әділбекұлын полиция ауруханадан әкетіп, түрмеде әбден азаптаған. Тағылған айыптар дәлелденбей, ол ақталды. Қазақстан президент сайлап жатқан күні Азаттық Саятпен сөйлесті. Ол сайлаудың әділ өтетініне сенбейтінін, дауыс беруге қатыспайтынын айтты.
20 қарашадағы президент сайлауында шетелде тұратын қазақстандықтар да дауыс берді. ОСК дерегінше Қазақстаннан тыс жерде 68 сайлау учаскесі бар. Азаттық журналистері Түркия, Чехия және Қырғызстандағы сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру процесін бақылады.
20 қарашада Қазақстанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауын сарапшылардың кейбірі "Ақорданың ойыны" деп атайды және "таңдауы жоқ сайлау" ретінде бағалайды. Азаттық бұл пікірлерге байланысты "Ақжол" партиясының мүшесі, депутат Берік Дүйсенбинов пен саясаттанушы Шалқар Нұрсейітпен сөйлесті.
Қазақстанда 20 қараша президент сайлауы өтті. Сайлауға 6 кандидат қатысты. Азаттық тілшілері елдің бірнеше өңіріндегі тұрғындарға "саяси науқан әділ өтіп жатыр ма?" деп сауал қойған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті сайлауына екінші рет қатысты. Екі жолы да ол сайлауға президент лауазымында жүріп түсті. Ол қатысқан 2019 және 2022 жылдардағы сайлаудың 5 ұқсастығы мен айырмашылығына назар аударыңыз.
Қазақстанда 20 қараша президент сайлауы өтіп жатқан тұста үлкен қалаларда күзет күшейтілді. Астанада әкімдік алды темірмен қоршалды. Елдің әр өңірінде белсенділер ұсталды, кейбір адам үйінің алдын полиция торуылдап жүргенін айтты.
Қазақстанда президент сайлауы өтті. Тұрғындар алты кандидатқа дауыс берді. Бақылаушылар пікірі әртүрлі. Сайлауға қарсыларды полиция ұстап әкетті. Тоқаев барған учаскеге Азаттық журналистерін кіргізбеді.
Алматыда қауіпсіздік шарасы күшейіп, қалада полиция көбейді. Орталық алаң мен қаладағы негізгі көшелер бойында автозактар тұрды. Сайлауға наразы бірнеше оппозициялық қозғалыс митингіге шығатынын ескерткен. Полиция наразы топтың ешбірін бес минуттан артық тұрғызбай, күштеп ұстап әкетті.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Тағы