Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау штабы қорға 900 миллион теңге қаражат аударған еріктілердің кім екенін айтпады. Азаттық тілшілеріне штаб ішін аралатқан өкіл үгіт-насихаттың әлеуметтік желіде қалай жүріп жатқанын көрсетті.
1917 жылы қазақ зиялы қауымы Алаш орда үкіметін құрып, төрағасын сайлады. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан үкімет төрағасы – ел басшысы бола салуға толық мүмкіндігі жете тұра, "қазаққа абыройлы азаматтар көп, олар да кандидатурасын ұсынып, бәсекеге түссін" дейді.
Мәжіліс төрағасы әрі президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабын басқарып жүрген Ерлан Қошанов 11 қарашада өтетін саяси дебатқа Тоқаевтың бармау себебін түсіндірді.
Сайлау заңына енген соңғы өзгерістердің бірі – "сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді" деген сөйлем. Тәуелсіз бақылаушылар бұл тармақ сайлауды бақылауды қиындатады деп қауіптенеді, ал әділет министрлігінің өкілі бұл өзгерістің мәнін тарқатып айтып бере алмады.
Қазақстанда 20 қараша күні мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауын бақылауға ерікті ұйымдар пайда болып жатыр. Ешкім қаржыландырмайтынын айтқан еріктілер өздерін тәуелсіз санайды. Өзге бақылаушы ұйым бұған күмән келтіреді.
Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында президент сайлауды дәл қазір өткізуге не түрткі болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені өзгертуге неге құлықсыз екенін және Қазақстанды алдағы жеті жылда не күтіп тұрғанын айтып берді.
Қазақстанда президент сайлауына кандидат боп тіркелген адамдардың кейбірі әлеуметтік желіде өзара пікірталасты бастап кетті. Бірі дебатта "қуыршақ емес үміткерлерді" көргісі келеді, тағы бірі қарсыласын "далбасаламауға" шақырады.
Үш партия мен онаннан аса ұйым бірігіп ұсынған қазіргі президент әрі президентікке кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихаты қызып тұрса да, оның Астанадағы орталық штабы жабық тұр. Штаб жұмысын көруге барған әріптестерім есіктен кіре алмай, терезеден сығалауға мәжбүр болды.
Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына кандидат алты үміткердің сайлау қорына 1 қарашаға дейін түскен қаражатты жариялады. Ең көп ақшасы бар кандидат – президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақшасы ең аз адам – Салтанат Тұрсынбекова.
Алдағы кезектен тыс президент саулауына түсетін Жигули Дайрабаев ел аралап жүр. Оның штабы кандидаттың атын шығару үшін хайпты да әбес көрмейді.
Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихатты бастағанына 10 күн болды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үміткері Астанадағы штабында тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын қабылдап жатыр. Ол "жүйені өзгерту үшін билікті парламент алуы керек" деп есептейді.
Тағы