«Қайта санаңдар деген тапсырмадан соң менің дауысымды екі есе азайтты. Оны кейін ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен премьер-министр Нұрлан Балғымбаев растады»,- дейді Серікболсын Әбділдин.
Қазақстанда президент сайлауына қатысып жатқан кандидаттардың теледебатында үміткерлер басты қарсыластары Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын сынай алмады. Оның өкілінен Тоқаевтың дебатқа неге қатыспағанын да сұрамады.
"Қоғамдық пікір" зерттеу орталығы сауалнамасына қарағанда, "Қазақстан халқының 84 пайызы алдағы сайлаудың әділ өтетіне сенеді". Сарапшы бұл дерекке күмән келтіреді. Ал Азаттық тілшілері сөйлескен Астана тұрғындары сайлаудың нәтижесі алдын-ала белгілі деп есептейді.
Қазақстан президенті болуға үмітті кандидаттар сайлауалды бағдарламаларында елдегі демократия, адам құқығы, сөз бостандығы сынды мәселелерге көп орын бермеген.
Eurasianet басылымы бейсенбі, 10 қарашада сайтына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды науқаны туралы мақаланы қайтадан шығарды. Басылым бұл материалын сайттан алып тастауға себеп болған "заңға қатысты мәселе шешілгенін" хабарлады.
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау штабы қорға 900 миллион теңге қаражат аударған еріктілердің кім екенін айтпады. Азаттық тілшілеріне штаб ішін аралатқан өкіл үгіт-насихаттың әлеуметтік желіде қалай жүріп жатқанын көрсетті.
1917 жылы қазақ зиялы қауымы Алаш орда үкіметін құрып, төрағасын сайлады. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан үкімет төрағасы – ел басшысы бола салуға толық мүмкіндігі жете тұра, "қазаққа абыройлы азаматтар көп, олар да кандидатурасын ұсынып, бәсекеге түссін" дейді.
Мәжіліс төрағасы әрі президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабын басқарып жүрген Ерлан Қошанов 11 қарашада өтетін саяси дебатқа Тоқаевтың бармау себебін түсіндірді.
Сайлау заңына енген соңғы өзгерістердің бірі – "сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді" деген сөйлем. Тәуелсіз бақылаушылар бұл тармақ сайлауды бақылауды қиындатады деп қауіптенеді, ал әділет министрлігінің өкілі бұл өзгерістің мәнін тарқатып айтып бере алмады.
Қазақстанда 20 қараша күні мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауын бақылауға ерікті ұйымдар пайда болып жатыр. Ешкім қаржыландырмайтынын айтқан еріктілер өздерін тәуелсіз санайды. Өзге бақылаушы ұйым бұған күмән келтіреді.
Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында президент сайлауды дәл қазір өткізуге не түрткі болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені өзгертуге неге құлықсыз екенін және Қазақстанды алдағы жеті жылда не күтіп тұрғанын айтып берді.
Қазақстанда президент сайлауына кандидат боп тіркелген адамдардың кейбірі әлеуметтік желіде өзара пікірталасты бастап кетті. Бірі дебатта "қуыршақ емес үміткерлерді" көргісі келеді, тағы бірі қарсыласын "далбасаламауға" шақырады.
Тағы