Ресей бір күн ішінде Украинаның Запорожье, Кривой рог, Одесса қалаларына әуеден соққы берді. Ал аннексияланған Қырымда Украина шабуылынан кейін тағы бір мұнай қоймасы жарылды. Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа елдерін аралап, жеңіс жоспарын таныстырып жүр.
10 қазанға қараған түні Ресейдің Краснодар аймағындағы қару-жарақ қоймасы өртенді. Украина осы аймақта дрондар сақталған қойманы жардық деп мәлімдеді. Украина президенті Еуропаға сапарында жақтастарымен кездесіп жүр. Ал Кремль бейбітшілік орнатудың өздері ұсынған шарттарын тағы қайталады.
Батыс елдері Киевке Ресей аумағына ATACMS, Storm Shadow сияқты ракета жүйелерімен шабуылдауға рұқсат бере ме? Украинаға рұқсат берілсе, Путин қалай жауап беруі мүмкін? Жалпы Украина мен Ресейдің қолында қандай ауыр ракеталар бар?
7 қазанға қараған түні аннексияланған Қырым түбегіндегі ірі мұнай базасы өртеніп, 300 адам эвакуацияланды. Times басылымы Ресей Солтүстік Корея ракеталарының көмегімен снаряд тапшылығын жауып жатыр дейді. Украина жағында соғысқан ресейлік белсенді майданда қаза тапты.
4 қазанда Ресейдің бірнеше облысында мұнай базалары өртенді. Курс облысына жақын Курчатов АЭС-і жанында да өрт болды. ВВС сайтының Орыс қызметі Ресей Угледардағы шайқаста кемі 2100 әскериінен айырылды дейді.
Ресей мен Украина 3 қазанға ауған түні бір-бірінің қалаларын атқылады. НАТО ұйымының жаңадан тағайындалған хатшысы Киевке келді. Ресей изоляторда отырған күдіктілерді майданға жіберуді ойластырып жатыр.
Ресей ұзақ шайқастан соң Украинаның Донбасстағы маңызды бекінісі Угледар қаласына бақылау орнатты. Ал Украина алдағы уақытта қару-жарақ жасауды күшейтпек.
Украина президенті Зеленский майдандағы жағдай қиын деп мәлімдеді. Ал қазір Украина мен Ресей әскері Донбасс аймағында кескілескен шайқас жүргізіп жатыр. Бұған қоса, Ресей Украинаның Херсон қаласын ракетамен атқылап, бірнеше адам қаза тапты.
Өткен демалыста Украина мен Ресей бір-бірін тағы да дронмен атқылады. Украина қарулы күштері әуе соққысы салдарынан бірнеше адам қаза тапты деп мәлімдеді.
Украинаның барлау қызметі Ресей биыл қыста Украинаның атом электр станцияларына шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Зеленский АҚШ-қа “жеңіс жоспарын” алып барды.
Ресейдің қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдары әлі талқыланып жатыр. Бұл қойманың Ресей үшін маңызы қандай? Курск облысындағы Украинаның бақылауындағы жерлерде мыңдаған ресейлік қалып қойған. Путин сыртқы істер министрлігімен серіктестік туралы құжатқа қол қоюды бұйырды.
Ресейдің Тверь облысында қару-жарақ сақталған қойма жарылды. Украинаның Сум облысында энергетикалық нысандар шабуылға ұшырады. Солтүстік Кореяға барып қайтқан Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу енді Иранға аттанды. АҚШ президенті Джо Байден Украинаның “жеңіс жоспарымен” танысты
Тағы