Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі,ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 8 жылға шартты жаза алды. Самат Әбіштің ауыр қылмыстық іс бойынша айыпталып, шартты жаза алғаны наразылық туғызды.
Қазақстан соты Қаңтар оқиғасына байланысты 15-17 жыл мерзімге түрмеге кесілген үш адамның материалдарын жарияламай отыр. Сот әкімшілігі оның себебін "бұл адамдар аса ауыр қылмыс жасаған" деп түсіндірді. Бірақ құқық қорғаушылар мен заңгерлер заңда ондай ереже жоқ дейді.
Алматыда "билікті басып алмақ болған" деген айып тағылған жеті адамның айыбы толығымен дәлелденді деген тергеу тарабының байламымен үндесетін үкім шығарды: үш адамды 6 жылға, үшеуін 5 жылға бостандығынан айырды. Олар тағылған айыпты жоққа шығарды. Кінәсін мойындаған бір адамға сот шартты жаза берді.
Қаңтар оқиғасына байланысты ұзақ мерзімге түрмеге кесілген төрт адам үкімге келіспейді. Түрлі қалада сотталған оларға тергеушілер бір-біріне ұқсас айыптар тағып, сот кінәлі деп таныды. Қорғаушылары "тергеу біржақты өтті, сот айғақ-дәлелі жоқ ауыр айыптар тағып, әділетсіз үкім шығарды" дейді.
СССР ыдырай бастағанда құрамынан бірінші болып шыққан Латвия, Литва және Эстония қазір НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше, көптеген өлшем бойынша әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұр. Азаттық үш елдің Қазақстандағы елшілерімен екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты, адам құқығы жайын талқылады.
Қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желіге әр аймақтан жарияланған әуесқой видеолардан 2022 жылғы қаңтардың 4-і мен 5-і күндері Қазақстаның барлық аймағында наразылық тұтанғанын көреміз. Арасында шағын ауылдар да бар. Бәрі де Жаңаөзенді қолдаған, елдегі әлеуметтік теңсіздікті айтып, әділеттік іздеген.
Қаңтар оқиғасы десе көз алдымызға көбінесе Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы секілді ірі қалалардағы дүрбелең келеді. Қираған мүлік, өртенген мәшине деген секілді. Иә, аталған қалаларда қан төгілді. Қаңтар қырғынында өлген 238 адамның басым көпшілігі осы қалалардан. Бірақ Ақтау, Атырау, Орал секілді көшеге шыққан халық билікке талабын айтқан соң бейбіт тарасқан қалалар да бар.
Қазақстан Жоғарғы соты Қаңтар оқиғасынан кейін 15 жылға сотталған Нұрсұлтан Исаевтың ісін кассация алқасында қарауға негіз жоқ деп шешті. Яғни Исаевқа тағылған бапты қайта саралап, істі кассация алқасында қарау туралы адвокат Азамат Сағалдың өтінішін қанағаттандырмады.
Журналист Данияр Молдабеков Азаттыққа сұхбатында 2022 жылғы Қанды қаңтар туралы жазған кітабы баспадан неліктен шығарылмағанын айтты. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде билік халықты жеңді деп есептейді.
Атыраулық журналист әрі блогер Олеся Вертинская – "Қаңтарда құқық қорғау органдарынан азап көрдім" деп арызданғандардың бірі. Ол екі жыл бойы істі әділ тергеуді талап етіп келеді. Іс бойынша тергеу үш рет тоқтатылған.
Тағы