Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамалғаннан бері үш жыл бойы Астанада тергеу изоляторында отыр. Ол былтыр 18 жылға сотталған. Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік арна оны әлдебір "шетелдің агенті" деп атады.
Қаңтар оқиғасы 41 жастағы Қосай Маханбаевтың өмірін апай-топай етті. Алматыда наразылық өршіп тұрған сәтте оған оқ тиді, одан кейін қамауға алынып, абақтыда азаптауға ұшырады, ақырында ең жақын адамынан айырылды. Қаңтар оқиғасына қатысушы бір сәтте басына ауыр қасірет пен қайғы түскенін айтады.
Ақ үйге Дональд Трамптың қайтып оралуы әлемдік державалар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға үйреніп қалған Орталық Азия елдері үшін бетбұрыс сәт болуы мүмкін.
26 жастағы Өскемен тұрғыны Ерқанат Жеңісұлы жеңіл көлігімен адам тасып, отбасын асырайды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, бір көзінен айырылса да, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан қайырымдылық көмек ала алмай жүр.
2022 жылы 5 қаңтар түнде Шымкент қаласы әкімдігі алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Алғашында олар "жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейіннен "айып дәлелденбей", іс қысқарып, "кездейсоқ қайтыс болған адамдар" тізіміне ілінді. Олардың өліміне байланысты іс те тоқтатылған.
2022 жылғы 5 қаңтарда Шымкентте әкімдік алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Билік іс қозғап, марқұмдар "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейін "айып дәлелденбегендіктен" іс қысқарды. Қаңтар оқиғасына үш жыл толғанда Азаттық бірнеше марқұмның туысымен тағы да сөйлесті.
Алматыдағы ArtKöshe тәуелсіз театрының aLqa лабораториясын Қазақстан театр сыншылары бірлестігі "Жыл жобасы" деп таныды. Бұл – ұжымның кейінгі үш айдағы жұмысының нәтижесі. Театр желтоқсанның басынан бері бес спектакльдің премьерасын өткізді. Оларды әр саладан жиналған лаборатория түлектері жазған.
2024 жылы Ресей Қазақстандағы ықпалын күшейтті ме? Оқшауда қалған Кремль сыртқы саясатта аймақ пен Қазақстанға басымдық беріп жатыр ма? Мәскеу неліктен аймақтың энергетика саласында белсенді? Астана Мәскеумен қарым-қатынасын қаншалық теңгере алды?
Алматының экономикалық соты Іле Алатау ұлттық паркімен шектесетін, 20 жыл жалға алынып, кейін жеке меншікке өтіп кеткен 846 гектар жерді мемлекетке қайтаруға пәрмен берді. Жерге иелік етіп отырған отставкадағы генерал Павел Новиков сот әділетсіз әрі заңсыз шешім шығарды дейді.
Былтыр Азаттық хабар тарататын өңірлердегі 10 тілшімізден болашаққа көз жүгіртіп, келер жылдың қалай болатынын болжап көруді сұраған едік. Қиын тапсырмаға қуана келіскен әріптестеріміз биыл да 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылы әлемді не күтетінін топшылап көрді.
Тағы