Былтыр Азаттық хабар тарататын өңірлердегі 10 тілшімізден болашаққа көз жүгіртіп, келер жылдың қалай болатынын болжап көруді сұраған едік. Қиын тапсырмаға қуана келіскен әріптестеріміз биыл да 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылы әлемді не күтетінін топшылап көрді.
Қазақстанды 2025 жылы экономикалық, саяси және экологиялық сынақтар күтіп тұр. Қазақстан үкіметі инфляцияны тежеу, бюджет дефицитін азайту және мұнай экспортын диверсификациялау сияқты міндеттермен қатар елдегі адам құқықтары мәселесіне баса назар аударуы керек дейді құқық қорғаушылар.
Батыс басылымдары Ақтау маңында құлаған ұшаққа ресейлік зымыран тиген деген ақпарат таратты. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеді. Апат салдарынан азаматтарынан айырылған Әзербайжан мен Қазақстандағы реакция қандай?
Батыс ақпарат агенттіктері Әзербайжан билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп, Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына Ресейдің атқан зымыраны зақым келтірген деп жазды. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеді. Осы тақылеттес сөзді Қазақстанның ресми тұлағалары да айтты.
Инфляцияны тежеу, бюджет дефицитін азайту, мұнай экспортын диверсификациялау және адам құқықтары ахуалын жақсарту... Қазақстан 2025 жылы назар аударуы тиіс экономикалық, саяси және қаржылық қиындықтардың бір парасы – осылар.
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін түсірілген видеолардан құлаған ұшақтың құйрығында диаметрі әртүрлі тесіктер бар. Бұл әлдебір сырттан келген "атыс элементтерінің ізі" деген болжам айтыла бастады. Бұл қаншалық рас?
Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.
25 желтоқсан Әзербайжан әуе компаниясының Embraer 190 жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған. Бірақ ресми дерек бойынша, Грозныйда қалың тұман болғандықтан, Ақтауға жөнелтілген. Бірақ Ақтау әуежайына жете алмай қала маңындағы жазыққа бауырлай құлаған.
Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан жолаушы ұшағы неге теңізге қонбады? "Ұшаққа құс соғылғаны", "іште баллон жарылғаны" туралы нұсқалар айтылды. Шын мәнінде не болуы мүмкін? Embraer 190 ұшағы қаншалықты қауіпсіз? Сұрақтарға Авиация саласының сарапшысы Абыл Кекілбай жауап берді.
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушы ұшағы құлады. Ресми дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 67 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.
Тағы