Қазақстан экс-президентінің қызы Дариға Назарбаеваның парламентке оралуы әкесінің биліктегі орнын басуы мүмкін дегенді білдіре ме? Азаттық PRISM консалтинг агенттігінің жетекші сарапшысы Бенджамин Годвиннен сұхбат алды.
34 жастағы Қанат Мұратбеков 10 қаңтарда Қазақстанда өткен сайлауда "Тәуелсіз бақылаушылар" ұйымы атынан Алматыдағы сайлау учаскесінде алғаш рет бақылаушы болды. Бақылаушыларға тамақ пен құжат тасып, екі тәулік ұйқы көрмеді, дұрыс тамақ та ішпеді. Бар мақсаты – сайлаудың әділ өтуіне көз жеткізу.
Парламент сайлауы болған 10 қаңтар күні билікке наразылық білдіріп көшеге шыққан жүздеген адамды полиция ұстады. Ішкі істер министрлігі "ұсталғандар босатылды, бірде-бірі жазаланбады" дегенімен, сол күні онға жуық адам әкімшілік қамауға алынып, бірнешеуіне айыппұл салынған, кейбірі әлі қамауда отыр.
Мәжіліске өткен әр депутатқа тапсырылған төсбелгінің құны 303 мың теңге. Нұр-Сұлтанға әр аймақтан келген парламенттің жаңа мүшелері бюджет есебінен қымбат қонақ үйге орналасқан. Қазақстандық кейбір сайт қонақ үй иесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің туыстарымен аттас екенін жазды.
10 қаңтарда өткен сайлау биліктің бақылаушыны сайлаудың таза, әділ өтуін қамтамасыз ететін институт өкілі деп емес, аяққа оратылған біреу деп санайтынын тағы да бір көрсетті. Тәуелсіз бақылаушыны сайлау учаскесіне кіргізбей қойды, жұмысына бөгет жасады, дауыс санап жатқанда шығарып жіберді.
Мәжіліске өткен партияларға мандат үлестірілген соң үш партия төменгі палатадағы фракциясын жасақтады. 98 орынның 77 пайызын алған "Нұр Отанның" да, 12 орын алған "Ақ жол" мен 10 орын бұйырған "Қазақстан халық партиясының" да тізімінде бұрын депутат болмаған адамдар бар.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы делегациясының басшысы Ярослав Домански Азаттыққа берген сұхбатында миссия өкілдері мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы күні куә болған жайттар туралы айтып берді.
Қазақстан мен Қырғызстанда 10 қаңтарда өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы сайлауға дейін жасалған болжаммен дөп келді. Екі елде де сайлау нәтижесі көңіл көншітпейді және елді ілгері жылжытуы екіталай дейді саяси сарапшы.
Қазақстандағы мемлекеттік және өзін тәуелсіз деп атайтын кей ақпарат құралдарының сайлауды қадағалаған шетелдік бақылаушылар туралы материалдарының дені мақтау мен мадақтауға, біржақты пікірге толы болды. Маңызды деген сыни пікірлер мүлде берілмеді, берілсе де мазмұны өзгертілді не қысқа қайырылды.
Сандж зерттеу орталығының зерттеуі бойынша, "Нұр Отанды" қолдау 71 пайыз емес 56 пайыз болған. "Ақ жол", "Адал", "Ауыл" партиялары 10 пайыздан жоғары дауыс алған. Ал ҚХП (бұрынғы коммунистер) жеті пайыздық межеге жетпей қалған.
Тағы