Қытай билігі 17 қыркүйек күні Шыңжаңдағы "кәсіпке баулу орталықтары" туралы құжат жариялады. Онда 2014-2019 жылдары "орталықтан" жыл сайын 1,3 миллион Шыңжаң тұрғыны өткені айтылады.
Қытайда "қайта тәрибелеу лагеріне" түсуден қорқып, Қазақстанға қашып өткен этникалық қазақ Қайша Ақанның "пана іздеуші тұлға" куәлігінің мерзімі биыл 20 қарашада бітеді. Заңды құжатсыз жұмысқа тұра алмай, тегін медициналық көмек ала алмай жүрмін деген ол өзін Қытайға қайтара ма деп алаңдайды.
АҚШ Қытайдың мата өндіретін, киім-кешек тігіп, шашқа арналған заттар мен компьютер құрылғыларын құрастыратын 5 компаниясына санкция салды. Вашингтон оларды "Шыңжаңдағы мұсылмандарды еркінен тыс жұмысқа жегу арқылы тауар өндіреді" деп айыптайды. Қытай мұны жоққа шығарады.
Шыңжаңда мұсылмандарға қысым басталғалы Қазақстанда тұрып жатқан біраз адам Қытайда қалып қойған жақын-жуығынан ажырап қалды. Азаттық Шыңжаңнан шыға алмай отырған туысын бірнеше жылдан бері сарыла күтіп жүрген бірнеше адамның хикаясын ұсынады.
Неміс жазушысы Александра Кавелиус "Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды" дейді. Жақында оның Қытайдағы лагерьлер жайлы Die Kronzeugin атты кітабы шықты. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері –Сайрагүл Сауытбай.
Шыңжаңдағы саяси лагерьге қамалып шыққан Қазақстан азаматы жеке басының қауіпсіздігі үшін шетелге кетуге мәжбүр болғанын айтады. Қазір отбасымен Нидерландыда тұрып жатқан Өмірбек Бекәлі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.
Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Лю Сяомин Шыңжаңда лагерь жоқ дейді. Тексеріп көрдік.
Коронавирус індеті Қытайдағы "қысымнан қашып", шекарадан заңсыз өткен бес қазақтың босқын мәртебесін я азаматтық сұраған өтінішін қарауды кідіртті.
Қытай билігі Шыңжаңдағы мұсылмандарға қандай қысым көрсетеді?
Тағы