АҚШ Қытайдың мата өндіретін, киім-кешек тігіп, шашқа арналған заттар мен компьютер құрылғыларын құрастыратын 5 компаниясына санкция салды. Вашингтон оларды "Шыңжаңдағы мұсылмандарды еркінен тыс жұмысқа жегу арқылы тауар өндіреді" деп айыптайды. Қытай мұны жоққа шығарады.