Шыңжаңда мұсылмандарға қысым басталғалы Қазақстанда тұрып жатқан біраз адам Қытайда қалып қойған жақын-жуығынан ажырап қалды. Азаттық Шыңжаңнан шыға алмай отырған туысын бірнеше жылдан бері сарыла күтіп жүрген бірнеше адамның хикаясын ұсынады.
Неміс жазушысы Александра Кавелиус "Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды" дейді. Жақында оның Қытайдағы лагерьлер жайлы Die Kronzeugin атты кітабы шықты. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері –Сайрагүл Сауытбай.
Шыңжаңдағы саяси лагерьге қамалып шыққан Қазақстан азаматы жеке басының қауіпсіздігі үшін шетелге кетуге мәжбүр болғанын айтады. Қазір отбасымен Нидерландыда тұрып жатқан Өмірбек Бекәлі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.
Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Лю Сяомин Шыңжаңда лагерь жоқ дейді. Тексеріп көрдік.
Коронавирус індеті Қытайдағы "қысымнан қашып", шекарадан заңсыз өткен бес қазақтың босқын мәртебесін я азаматтық сұраған өтінішін қарауды кідіртті.
Қытай билігі Шыңжаңдағы мұсылмандарға қандай қысым көрсетеді?
Қытайдың солтүстік-шығысындағы ахуал жайлы жарияланған жаңа баяндамада биліктің Шыңжаң өлкесінің байырғы тұрғындары – ұйғырлар, қазақтар мен өзге де ұлттардың санын азайтуды көздейтін ауқымды науқаны туралы айтылған.
17 маусым күні АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктерге санкция салатын заңға қол қойды.
Пекин мен Вашингтонның ара-қатынасы суыған шақта АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктеріне санкция салатын заң жобасын мақұлдады. Палата заң жобасын Ақ үйге, АҚШ президенті Дональд Трампқа жолдады
Тағы