2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы арқылы қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қазақстаннан бір жылға босқын мәртебесін алды. Олар – Шыңжаңдағы қысымнан қашып, Қазақстаннан босқын мәртебесін алған алғашқы этникалық қазақтар.
Антрополог, Орталық Азия бойынша сарапшы Шон Робертс 30 жылдан бері ұйғырларды зерттеумен айналысады. Жақында "Ұйғырларға қарсы соғыс. Қытайдың Шыңжаң мұсылмандарына қарсы науқаны" деген кітабы жарық көрген сарапшы Азаттыққа сұхбатында Қытайдағы түркі тілдес этностардың тағдыры туралы айтты.
АҚШ ғалымдары жаңа зерттеуінде Орталық Азияда наразылықтың күшейгенін айтады. Бұған басты себеп – коронавирус пандемиясының өршуі және Қытай ықпалының артуы.
Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) Шыңжаңдағы лагерьлер жайлы ең үлкен карта жариялады. Әр деңгейдегі лагерьлер қалай салынған және олар жайлы не белгілі?
Австралиялық зерттеушілер Қытайдың Шыңжаң өлкесінде лагерьлер саны артқанын анықтап отыр. Бұған дейін Пекин Шыңжаңдағы "тәрбиелеу орталықтарында" ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандар қалмады деген еді.
Азаттық Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай туралы кейінгі уақытта жарияланған ең танымал зерттеулердің авторы, Вашингтондағы коммунизм құрбандары мемориалдық қорының аға ғылыми зерттеушісі Адриан Зенцтан сұхбат алды.
Қытай билігі 17 қыркүйек күні Шыңжаңдағы "кәсіпке баулу орталықтары" туралы құжат жариялады. Онда 2014-2019 жылдары "орталықтан" жыл сайын 1,3 миллион Шыңжаң тұрғыны өткені айтылады.
Қытайда "қайта тәрибелеу лагеріне" түсуден қорқып, Қазақстанға қашып өткен этникалық қазақ Қайша Ақанның "пана іздеуші тұлға" куәлігінің мерзімі биыл 20 қарашада бітеді. Заңды құжатсыз жұмысқа тұра алмай, тегін медициналық көмек ала алмай жүрмін деген ол өзін Қытайға қайтара ма деп алаңдайды.
АҚШ Қытайдың мата өндіретін, киім-кешек тігіп, шашқа арналған заттар мен компьютер құрылғыларын құрастыратын 5 компаниясына санкция салды. Вашингтон оларды "Шыңжаңдағы мұсылмандарды еркінен тыс жұмысқа жегу арқылы тауар өндіреді" деп айыптайды. Қытай мұны жоққа шығарады.
Тағы