АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге және Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон соғып, соғысқа тоқтау салатын бейбітшілік келіссөзін бастау жайын талқылағанын айтты.
АҚШ үкіметі заңсыз жүрген мигранттарды жаппай депортациялауға кірісті. Ақ үй бұл саясат қылмыс жасағандарды ғана емес, виза мерзімін өткізіп алғандарды, тіпті саяси пана іздегендерді де қамтитынын мәлімдеді. Депортация қаупі төнгендер арасында Қазақстан азаматтары да бар.
Президент Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық көмек жөніндегі негізгі ұйымын жабуға бекінген сыңайлы. Бұл шешім Вашингтонның мемлекет шығынын оңтайландыруға бағытталған көптеген қадамдарының бірі болып отыр. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар бұл өзгерістің салдары ауыр болады дейді.
АҚШ паспортын алуға ұмтылатындар көп, одан бизнес жасап, "босану туризмін" жолға қойғандар да бар. Дегенмен, жұрттың бәрі АҚШ-қа паспорт үшін ғана бара бермейді. Дональд Трамптың жаңа жарлығы Америкаға пана іздеп барған шарасыз иммигранттар мен олардың балаларына көп қиындық туғызуы мүмкін.
20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Сол күні Вашингтондағы Капитолий ғимаратында Трамп и оның вице-президенті Джей Ди Вэнс салтанатты жағдайда ант берді.
АҚШ-тың 47-президенті болып сайланған Дональд Трамп 20 қаңтарда ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріспек. Бұған дейін де бір мерзім президент болған Трамп дипломатиялық нормаларды қатаң ұстана бермейтіндігімен белгілі. Сондықтан оның инаугурациясы да дәстүрдегіден өзгешелеу өткелі отыр.
Мұрағаттан алынған фотосуреттер соңғы 100 жылдағы АҚШ президенттерінің Вашингтонда ант беру рәсімі мен салтанатын бейнелейді.
Дональд Трамп Гренландияға қол жеткіземін дейді әрі аралды әскери жолмен тартып алу ықтималдығын жоққа шығармайды. Ақ үйдің Гренландияға көз түгуінің тарихы жүздеген жылға ұласады. Бірақ дәл қазіргі қызығушылық Ресей мен Қытайдың Арктикадағы әскери және сауда белсенділігінің артуынан туындап отыр.
Ақ үйге Дональд Трамптың қайтып оралуы әлемдік державалар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға үйреніп қалған Орталық Азия елдері үшін бетбұрыс сәт болуы мүмкін.
АҚШ президенттігіне қайта сайланған Дональд Трамп билікке келген соң құжатсыз жүрген мигранттарды Америкадан шығару үшін әскер күшін пайдаланатынын мәлімдеген. Миграция жөніндегі сарапшылар демократтар Трамп әкімшілігінің бұл жоспарына кедергі келтіруге дайын болуы керек деді.
АҚШ-та кезекті президент сайлауы аяқталды. Ондағы сайлау – күрделі саяси процесс. Оны ешбір елде түгел қайталау мүмкін емес. Әйтсе де, оның Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін тұстары да бар. Ең маңызды деген бесеуіне тоқталайық.
Тағы