Accessibility links

Трамптың арнайы уәкілі: АҚШ-та Ресейдің Украинамен соғысын аяқтау жоспары бар


АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы уәкілі Кит Келлог
АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы уәкілі Кит Келлог

АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы уәкілі Кит Келлог Дональд Трамп командасында соғысты тоқтатып, Украина мен Ресей арасында бейбіт келіссөзді бастау бойынша сенімді жоспар бар деп мәлімдеді.

Fox News арнасына берген сұхбатында Келлог президент Трамп "қай жерден басуды, қай жерден баспауды" біледі деді. "Бірақ одан да маңыздысы, ол украиналықтар үшін де, ресейліктер үшін де тетік жасайды" деді президент командасының нәтижеге жету мақсатында жұмыс істеп жатқанын алға тартқан Келлог.

Арнайы уәкілдің пікірінше, атысты жыл емес, айлар ішінде тоқтату мүмкіндігі бар.

Ресейге қарсы санкцияны қатайту және Украинаға қару-жарақ беруді тоқтатпаау туралы сұрақтарға Келлог мұны АҚШ президентінің өзі ғана шешеді деді.

Өз кезегінде АҚШ президентінің бұрынғы кеңесшісі Джейк Салливан Financial Times басылымына берген сұхбатында егер Вашингтон Мәскеуге шығыны өсетінін айтса, Украина бойынша Мәскеумен келісуі мүмкін деп санайды.

Осыған дейін Трамп Ресей келісімге келмесе, оған қарсы қосымша санкция мен баж салықтарын еселеп арттыратынын айтқан. Салливан мұны дұрыс қадам деп бағалады.

  • Дональд Трамп сайлауалды кампаниясы кезінд Ресей мен Украина арасындағы соғысты қысқа уақыт аралығында бітіруге уәде берген. 31 қаңтар Трамп Мәскеумен "салмақты талқылау" болғанын айтқан, бірақ жай-жапсарына тоқталмады. Ал Кремль Трамп командасынан ұсыныс түспегенін айтты.
  • Мәскеу осыған дейін украин күштері Украинаның аннекияланған төрт облысы: Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарынан кетіп, Киев бейтарап статусқа көшсе және Мәскеуге қарсы санкция алынса бейбіт келіссөзге баратынын айтқан. Ал Украина басшысы Владимир Зеленский НАТО Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беріп, қару-жарақты тоқтатпауы керек деген шарт қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG