Accessibility links

Ресей Одессаның тарихи орталығына соққы жасады


31 қаңтарда кешке Ресей әскері Одессаға ракетамен соққы жасады. Жеті адам зардап шекті, тарихи ғимарат бүлінген. Бұл жөнінде облыстық әкімшіліктің жетекшісі Олег Кипер мәлімдеді.

Кипердің айтуынша, барлық зардап шеккендер орташа дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Қаза болғандар жоқ.

Украинаның президенті Владимир Зеленский соққы эпицентрінде норвегиялық дипломаттар да болғанын айтты.

Атқылаудың салдарынан ЮНЕСКО қорғауындағы бірнеше ғимарат бүлінген. Арасында музей, 19 ғасырда салынған "Бристоль" тарихи қонақүйі, филармония бар.

Зеленский Одессаның тарихи орталығына жасалған Ресейдің соққысын "саналы түрде жасалған" шабуыл деп атады. Украинаның "Оңтүстік" еріктілер жасағының өкілі Сергей Братчуктың айтуынша, Ресей Одессаны Қырымнан ұшырылған "Искандер-М" баллистикалық ракеталарымен атқылаған.

Қазір шабуылдың жай-жапсары анықталып жатыр. Әскери қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресей қорғаныс министрлігі соққыға түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG