Қазақстанда әділетсіз сот үкімінен зардап шеккен азаматтар қозғалысы істерін қайта қарау үшін арнайы комиссия құруды талап етіп отыр. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан" құруға уәде берсе де, қазіргі сот жүйесі іске жарамайтынын айтады.
Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы туралы баптарды Конституциядан алып тастауға бейбіт қарсылықты билік күшпен басып, аяғы үлкен қантөгіске ұласқан Нөкіс оқиғасына биыл екі жыл толды.
АҚШ мемлекеттік департаменті 2023 жылды қорытатын Халықаралық дін еркіндігі есебін жариялады. Қазақстан туралы бөлімінде елде діни сенімі үшін мемлекеттен қысым көру фактілері баяндалған, оң өзгерістер де аталған.
Әскерде жүріп жұмбақ жағдайда қайтыс болған екі сарбаздың, комаға түскен бір жауынгердің аналары Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, қылмыстық істер тергеуі сылбыр жүргізілетінін я мүлде қаралмайтынын айтты. Қаза болған сарбаздың анасы ресми медициналық сараптама қорытындысына сенбейді.
Ол – Қарақалпақстанның егемендігі үшін күресіп, Өзбекстан түрмесінде отырған түркімен. Құқық қорғау ұйымдары оны "саяси тұтқын" деп атаған. Сәуірде Науаи түрмесіндегі жалғызкісілік камераға ауыстырылғалы оның денсаулығы нашарлаған дейді әкесі. Әңгіме 38 жастағы Жұмасапар Дәдебаев жайында.
Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берген ауған қазағы Сәми Ата Ғұл 15 мамырда Ақмола облысы Целиноград аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан босап шықты. Сол күні таңертең ІІМ Көші-қон комитеті қызметкерлері оны үшінші рет ұшаққа салып жіберуге тырысқаны белгілі болды.
13 мамырда Алматы соты журналист Жәмила Маричеваның ProTenge Telegram арнасында Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын "жалған ақпарат" деп тауып, авторға 74 мың теңге айыппұл салды. Арыз берген полицей жазбаның қай тұсы "жалған" екенін білмей шатасты. Ал заңгер мен журналист мұны "сөз еркіндігіне қысым" деп біледі.
3 мамыр – Халықаралық баспасөз еркіндігі күні қарсаңында Азаттық Мичиган штаты университетінің профессоры Эрик Фридманмен сөйлесіп, демократия орнаған және орнамаған елдердегі журналистиканың ерекшеліктерін талқылады.
"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
Тағы