Кейінгі айларда Ресей саясаткерлері Украинадағы соғысқа шетелден келген жұмыс күшін тартуға үндеп жүр. Сарапшылар мигранттарға әскермен қатар экономика да мұқтаж екенін айтады.
Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аяқталған жоқ. Ал Орталық Азия елдері АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізген кезден бері үшінші рет әлемнің назарына түсіп отыр. Өңір мемлекеттері көршісінен асып түсіп, әлемдік державалармен тығыз байланыс орната ала ма?
Кремль Израиль мен ХАМАС арасындағы жанжалды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, Батыс елдерін сынап, палестиналық содырлар делегациясын қабылдады. Дағыстан әуежайындағы бүлік Мәскеудің Таяу Шығыстағы күштер балансын өзгертуі Ресейдің өзіне қауіпті болуы мүмкін екенін аңғартты.
Ресей президенті Владимир Путин 17-18 қазан күндері Пекинде өтетін "Белдеу және жол" форумына қатысу үшін Қытайға бара жатыр. Кремль басшысы форум аясында Қытай президенті Си Цзиньпинмен жеке кездесіп, "Сібір қуаты – 2" газ құбыры жөнінде келіссөзге қол жеткізіп көрмек. Оның бұл ойы жүзеге аса ма?
Кремльшіл комментаторлар ХАМАС-тың Израильге шабуылы Мәскеуге тиімді деп, Израильге көшкен ресейліктерді әжуалап жатыр.
"Роскомнадзор" мекемесі ресейлік стриминг сервистерінің барлығынан саха режиссері Степан Бурнашевтің "Айта" фильмін бұғаттап тастауды талап еткен. Билікке фильмде "Ресей халықтарының бірлігі принципіне қайшы деструктивті ақпарат" бар болып көрінген. Кино мамандарының пікірі басқадай.
Украинада соғыс басталғалы 19 айға жуықтады. Қазір Ресей Украинаның қарымта шабуылына төтеп беруге бар күшін салып жатыр. Майдандағы ресейлік сарбаздар қажып, жүнжігенін айтып шағымданады. Ел арасында жаңа мобилизация болады-мыс деген қауесет өршіп, Кремль оны басумен әлек.
Армения басшылығы Ресейге ашық қарсы шығып, мәлімдеме жасай бастады. Бұған қоса, елде АҚШ жасағының қатысуымен әскери жаттығу өтіп жатыр. Бұл Ереван Мәскеуден іргесін аулақ сала бастады дегенді білдіре ме?
Тағы