Мәскеу 2022 жылы Украинаға қарсы басқыншылық соғыс бастағалы Ресейде алғаш рет парламент сайлау өткелі тұр. Биліктің бақылауымен өтетін 450 орындық Мемлекеттік дума сайлауы жайлы бес негізгі жайтты біле отырыңыз.
Украина президенті Владимир Зеленский азаматтық әуе компанияларына үндеу жасап, Ресей аспанында ұшу қауіпті деп мәлімдегелі Ресейдегі бірқатар рейс тоқтатылып, әуежай жабылып, шектеулер енгізілді.
Путин Қазақстан президентімен Омбыда кездескенде Украинадағы соғысты талқыламағанын бір айдан соң Бішкекте айтты. Тоқаев оған соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді. Енді Путин Ресей соғысты біржола доғаруды қалайды деп мәлімдеді. Бірақ Кремль қандай шартпен соғысты аяқтауға келісетінін ашып айтпады.
Батыс Қазақстанда орналасқан "Конденсат" мұнай өңдеу зауыты Ресейден мұнай әкеліп, одан өндірілген бензин мен дизельдің 70 пайызын Ресейге жібермек. Қалған 30 пайызы Қазақстанның ішкі нарығында қалады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, Ресейдің ресми ұсынысын Астана қабыл алған.
Бұдан 35 жыл бұрын, 1991 жылдың тамызында Совет одағын сақтап қалуды көксеген топтың төңкеріс жасамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталған соң көп ұзамай одақ ыдырап, Ресей демократиялық жаңғыру мен реформалар жолына түскендей көрінген. Бірақ арада өткен ондаған жыл ол үміт ақталмағанын көрсетті.
Тағы