1916 жылы Ресей патшасының Түркістан өлкесі мен ішінара Сібірдегі "бұратана" ұлттардың 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарын майдандағы қара жұмысқа алу жайлы жарлығы қазақ даласы мен Орта Азияда көтеріліске ұласты. Көтерілісті басып-жаншыған патша әскерінен қашқан қазақ пен қырғыз Қытайға босыды.
Ресей билігі еңбек мигранттарына балама ретінде сотталғандарды пайдалануды қарастырып отыр. Мәскеудің бұл жоспары Совет Одағының 1930-50 жылдардағы ГУЛАГ жүйесін еске түсіреді.
Қазақстанда бүгін, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Былтыр 24 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөнінде комиссия құрған. Комиссия қалай жұмыс істеп жатыр? Құрбандарды ақтау процесі қай деңгейде? Осы сауалдарды жұмыс тобына енген тарихшы Арайлым Мұсағалиевадан сұрады.
Қазақстан тарихы оқулықтарында теңгенің құнсызданғаны, Шаңырақ пен Жаңаөзен оқиғасы, саяси қайраткерлердің қазасы туралы айтылмайды.
Совет билігі Голодоморды фотоға түсіруге тыйым салған. Украинада қолдан ұйымдастырылған аштыққа дәлел болатын суреттер сирек, бірақ бар. Канаданың Торонто қаласындағы Голодоморды зерттеу бойынша ғылыми орталық сондай жүздей суретті жинап, Holodomor Photo Directory сайтына жариялады.
1921 жылы 18 наурыз күні Латвия астанасы Ригада поляк, украин, беларусь және литва халықтарының тағдырын анықтайтын келісім жасалды – Польша мен Советтік Ресей Шығыс Еуропа жерін бөлісті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейберекет кезеңде жасалған бұл келісімнің әсері әлі де байқалады.
Балқар халқы үшін 8 наурыз осыдан 77 жыл бұрын болған депортацияны еске алу күні. Ол кезде 37 мың адам, негізінен қарттар, әйелдер мен балалар Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылған. Бірнеше жылда олардың жартысынан көбі аштық, суық пен аурудан көз жұмған.
Сталиндік депортация – Ресей халықтарының әлі күнге орны жазылмаған жарасы іспетті. Осы күндері шешендер мен ингуштардың Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылғанына 77 жыл толып отыр.
20 ғасырдың 20-30 жылдары қазақ жерінде болған ашаршылыққа арналған жиында парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ашаршылықты "саясиландырмауға" шақырды. Ал қоғамда ашаршылыққа саяси тұрғыдан әділ баға берілген жоқ деп санайтындар бар.
2006 жылғы ақпанда оппозиция лидері Алтынбек Сәрсенбайұлын екі көмекшісімен қоса атып өлтірді. Бұған дейін екі рет сот өтіп, "кісі өлтіруге тапсырыс беруші" мен "орындаушы" адамдарға үкім шықты. Марқұмның туыстары мен серіктері "саяси қастандықтың құпиясы әлі толық ашылған жоқ" деп біледі.
25 жыл бұрын, жаңа Конституция бойынша сайланған қос палаталы парламент жұмысқа кірісіп, Мәжіліс төрағалығына белгілі саясаткер Марат Оспанов сайланған еді. Білетіндер оны Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін күшейтуге ат салысқан, сөйте тұра оны сынаудан да қаймықпаған тұлға болды деп еске алады.
Тағы