Солтүстік өңірлерге көшті ынталандыру мақсатында үкімет берген тұрғын үйлердің сапасына шағым айтатындар көп. Жергілікті билік олқылық барын мойындайды. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда ашықтық жоқтығы мәселенің ушығып кетуіне жиі себеп болады дейді.
2018 жылы маусымда республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болғаннан кейін Шымкенттің бас жоспары өзгертіліп, "қызыл сызыққа" түскен үй көбейген. Баспанасы "қызыл сызыққа" енген тұрғындар мемлекет беретін өтемақы басқа үй алуға жетпей, далада қаламын ба деп уайымдайды. Билік өкілдері сүрілетін үй иелеріне заңға сай өтемақы беріледі деп сендіреді.
Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.
Биыл көктемде тасқын қаупі төніп, төтенше жағдай режимін жариялаған алғашқы аймақ – Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді. Жұрт тек құжаты мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген. Таяу арада су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін.
Қазақстан үйреншікті еуропалық инсулиннің орнына Қытайда шығарылған инсулин сатып алған. Қытайда бір ғана зерттеуден және Қазақстанда тек шектеулі клиникалық бақылаудан ғана өткен жаңа препаратқа пациенттер секеммен қарайды. Сарапшылар мен депутаттардың көкейінде де оған қатысты сұрақ көп.
Әлеуметтік желі қолданушылар тасқын су басқан өңірлердегі жағдай туралы видеоларды әлеуметтік желіде жариялап, ел шығынға батқанын жазып жатыр. Билік қауіп әлі сейілмегенін айтады. Президент екі айға жуық уақыт бұрын ғана өзі тағайындаған үкіметті сынап, елден кешірім сұрап, кезекті рет уәде берді.
Қазақстанда көктем сайын қайталанатын су тасқынынан кейін қоғамда суды тиімді пайдалану мәселесі жиі айтыла бастады. Ернеуінен асып жататын өзен-көл мен еріген қар суы әбігерге салатын кей аймақтар жазда қуаңшылықтан зардап шегеді. Кей белсенділер көктемде асып-тасып жататын суды жинап, жаз мезгілінде пайдалануды ұсынып жатыр. Елді тасқын мен қуаңшылықтан құтқара алатын технология бар ма? Қазақстан суды қаншалықты тиімді пайдаланып жатыр?
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі қазір Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланған.
Астана іргесіндегі Қоянды ауылында еріген қар суы тұрғындардың берекесін қашырды. Жергілікті әкімдік "су бес үйге ғана кірді" деп мәлімдеген. Алайда Азаттық тілшісі сөйлескен тұрғындар су кірген үйлер мен аулалар әлдеқайда көп дейді.
Қытайдан атамекенге көшіп келген қандастар Қазақстан азаматтығын алуға апостиль туралы талап бөгет болып отыр деп шағынады. Қытайға апостиль алуға барайын десе, ол жақ жібермей қоя ма деп жасқанады. Белсенділер болса қандастар мәселесін шешу Қазақстан билігінің өз қолында дейді.
Қаңтар оқиғасынан соң "әуежайға шабуыл жасады" деген айыппен сотталып, түрмеде отырған Әйгерім Тілеужанның үстінен тағы іс қозғалды. Бұған сотталушылардың бірімен арадағы жанжал себеп болған. Билікті сынап жүрген, қазір қамауда жазасын өтеп жатқан Тимур Дәнебаев та камералас адаммен жанжалдасқан.
Тағы