Петропавлда қала іргесіндегі аудандарды су алып жатыр. Жеті мыңнан аса адам көшірілген. Жұрт су алған үйінің маңынан кете алмай жүр. Азаттық сөйлескен тұрғындар тасқынды болдырмау үшін тиісті шаралар дұрыс жасалмағанын айтады. Петропавл қаласының әкімі бұған келіспейді.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Қаратал ауылында су тасығанға дейін екі мыңға жуық адам тұрған. Қазір одағы 236 үй түгелге дерлік тұруға жарамсыз. Халқы босып кеткен. Мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана мен клуб та "апатты жағдайда" тұр. Азаттық тілшісі ауылдың жағдайын көріп қайтты.
Қазақстандағы тасқын мыңдаған отбасыны күйзелтіп отыр. Әсіресе ауылды жерлер қатты зардап шекті: адамдар басындағы үйінен, тіршілік көзі етіп отырған малынан айырылды. Азаттық Ақтөбе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында үй-күйсіз қалып, әр жерді паналап отырған үш адаммен сөйлесті.
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты жағдай ауыр деген ақпарат тарады. Петропавлға қарай көп мөлшерде су ағып келе жатыр, тағы 219 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Кейбір ауылдардың электр желісін мұз қиып, жарық өшкен. Облыстағы Сергеев су қоймасы 170 пайыз суға толды.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында және Қостанай облысында тасқын салдарынан үйі суға кеткен, дүние-мүлкі бүлінген жұрт баспана мәселесін тез арада шешуді жергілікті биліктен талап етті. 10 сәуірдегі жағдай бойынша, елде су басқан өңірлерден 97 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Атырау облысы Құлсары қаласында жағдай әлі қиын. Тасқыннан қатты зардап шеккен қалада қалған тұрғындар суға кеткен үйлерін қарайлап жүр. Ал Қостанай облысында Тобыл өзені тасып, жүзден аса үйді су алды. Есіл өзенінің көтерілуі Солтүстік Қазақстанға, Жайықтың көтерілуі Батыс Қазақстанға қауіп төндіріп тұр.
Ресми дерек бойынша, Атырау облысы Жылыой ауданында тасқын қаупіне байланысты 31 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Аудан орталығы Құлсары қаласынан кейінгі үш күнде 18 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қалада 2600 жеке үй мен әкімшілік ғимарат суда қалған.
Қаза тапқан, хабарсыз кеткен адамдар, эвакуацияланған мыңдаған тұрғын, тұтасымен суда қалған елді мекендер, суға кеткен сансыз үй жануары мен қыруар шығын – Қазақстанда биыл көктемде халықты әбігерге салған және әлі жалғасып жатқан тасқынның зардабы осындай. Оның алдын алуға болар ма еді?
Солтүстік өңірлерге көшті ынталандыру мақсатында үкімет берген тұрғын үйлердің сапасына шағым айтатындар көп. Жергілікті билік олқылық барын мойындайды. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда ашықтық жоқтығы мәселенің ушығып кетуіне жиі себеп болады дейді.
2018 жылы маусымда республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болғаннан кейін Шымкенттің бас жоспары өзгертіліп, "қызыл сызыққа" түскен үй көбейген. Баспанасы "қызыл сызыққа" енген тұрғындар мемлекет беретін өтемақы басқа үй алуға жетпей, далада қаламын ба деп уайымдайды. Билік өкілдері сүрілетін үй иелеріне заңға сай өтемақы беріледі деп сендіреді.
Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.
Тағы