Биылғы су тасқыны Ақтөбе облысы Екпетал ауылындағы үйлерді түгелдей жайпап кетті. 50 шақты түтін болған ауылда қазір жалғыз отбасы қалған. Өзгелері аудан орталығы Ойылға көшірілген. Екпетал іргесіндегі 20 шақты үй болған Жаңабаз қыстағында да сау үй қалмаған. Екі ауылдан мыңнан астам мал басы шығын болды. Әйтеуір адамдар аман. Азаттық тілшісі Екпеталдың қазіргі жағдайын көріп қайтты.
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы тасқыннан келген шығынды әлі есептеп біткен жоқ. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар зардап шеккенгерге көмек ретінде ақша аударып жатыр. Қазірге дейін 153 миллиард теңге жиналған. Үкімет резервінде 467 миллиард теңге бар. Бұл қаржы тасқын салдарын жоюға жете ме?
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы шығындарды есептеп жатыр. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар көмек ретінде аударған қаржы көлемі 153 миллиард теңгеге жуықтады. Үкімет резервінде 331 миллиард теңге бар. Бұл жете ме?
Қытаймен шекарадағы Жаркент қаласын сауда-саттық, тасымал және делдал кәсібі асырап отыр. Шекара маңындағы халық қалай өмір сүріп жатыр? Сауда-саттық байланысы барған сайын нығайып келе жатқан алпауыт елмен шектесетін аймақтың тұрғындары тұрақтылыққа, жақсы табысқа әлі қол жеткізе алмай отыр. Оның себебі неде?
Президент Тоқаев қазақстандық Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккен "әр облыс, аудан, ауылға" қамқоршы ретінде бекітілетінін және "нақты жауапкершілік" арқалайтынын айтты. Кәсіпкерлер қарсы келген жоқ, кейбірі ақша аударып тастады. Сарапшылар "олардың басқа амалы жоқ" дейді.
Қазақстанның біраз өңірін су алып жатқан шақта президент пен әкімдерді сынап, наразылық білдіргендер көп болды. Биліктен жедел әрекет талап етіп, жолды жапқандар "заңсыз митинг" үшін айып арқалады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоямыз" деді. Төтенше жағдай кезінде биліктің қоғаммен қарым-қатынасы қалай болды?
Түркістан облысындағы Зағамбар ауылын екі күннен бері полиция арнайы жасағы күзетіп тұр. "Оқушы қызды зорлаған" деген хабар тараған соң ауылда бірнеше көлік пен қора өртенген. Облыстық полиция "кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі" бойынша іс қозғалып, мектеп оқушысы қамауға алынғанын мәлімдеді. Азаттық тілшісі Зағамбарға барып, ауыл адамдарымен сөйлесті.
Орталық Азия елдерін аралаған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға да келді. Астанада Қазақстан сыртқы істер министрімен және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Кэмерон Азаттыққа шағын сұхбат берді.
"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
Тағы