Биыл қазанда қалың көпшілікке ұсынылған "Шырақ" мультфильмі көрерменнің ықыласына бөленіп, YouTube’тегі көрілімі бір миллионнан асты. "Шырақтың" авторлары анимация арқылы отбасы құндылығын дәріптеуді көздегенін айтады. Ал сарапшылар қазақ анимациясында мәселе көп, бұл салада сапалы дүниелер әлі де аз дейді.
"Дәстүрлі қоғам көп нәрсені қабылдай алмайды" дейді ресейлік жазушы Олжас Жанайдаров. Оның пьесасында гомосексуализм пропагандасы бар-мыс деген шудан соң Қазақстанда қойылым көрерменге жете алмай қалды. Азаттық тілшісі мәскеулік автормен сұхбат құрып, шығармашылығы, түп-тамыры мен соғыс бастаған елдегі өмірі туралы сұрады.
Алматыда Шығыс Түркістан өлкесін (Қытайдың Шыңжаң аймағының тарихи атауы) мекендейтін байырғы халықтар – ұйғыр, қазақ және өзге де ұлт өкілдерінің қазіргі өмірі мен ахуалы жайлы сыр шертетін көрме өтіп жатыр.
Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы қазақстандық "Бақыт" фильмі Павлодарға бір апта кешігіп жетті. Берлин кинофестивалінде "көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған фильм жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін ғана прокатқа шықты.
1970 жылдардың соңында "Оскар" сыйлығын алған Голливуд фильміндегі оқиғаны Бруклиннен Айнабұлаққа "көшіріп", Қазақстанда болғандай етіп көрсетсе не болады? Алматылық "АРТиШОК" театрының жаңа қойылымы жастық шақ, бұла күш-қайрат, көзсіз батылдық туралы терең мағыналы жарқын шоу болып шықты.
"Екіжүзді мемлекетте суретшілерге түпкі ойын жасырып, жұмбақ тілде сөйлеуге тура келетін кез көп" дейді "Адам құқықтары: көгілдір түстің 50 реңкі" деп аталатын жаңа көрменің мазмұнын бір сөйлемге сыйғызған өнертанушы Валерия Ибраева. Бұл көрме жақында алматылық Artmeken Gallery галереясында ашылды.
Тағы