Қазақстанда сәуірдің 2-сінен бастап жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Бұл - девальвациядан соңғы екінші мораторий.
Қазақстандық үш банктің «банкротқа ұшырауы» туралы жалған СМС жолдады деп айыпталған адамның дүние-мүлкі қамауға алынды. Арандату кесірінен ондаған миллиард теңгенің шығыны келген.
Forbes журналы әлемнің ең бай адамдарының жыл сайынғы тізімін жариялады. Тізімге кірген бес қазақстандықтың ішінде жаңа есім жоқ.
Ресей президентінің Қырымға әскер енгізу жөніндегі шешімі халықаралық наразылық тудырды. Ресей тұрғындары да бұған қарсы екенін білдірді.
Ресей рублі долларға шаққанда рекордтық мөлшерде арзандады. Сарапшылар оған «Украина дағдарысының қырғиқабақ соғыс сипаты айыпты» дейді. Азаттық тілшісі осы төңіректегі төрт сауалға жауап іздеді.
Мемлекеттің көмегімен лизингке доллармен техника алуды жоспарлаған кәсіпкерлер девальвациядан соң тауары бірден қымбаттап, жоспарлары бұзылды. Құрылысы тоқтап қалғандар да бар.
Қазақстан президенті шетел инвестициясы азайғаны үшін үкіметті сынады. Батыс сарапшыларының пікірінше, "инвесторларды қазбалы ресурстарға бай елде биліктің ауысу сценарийіндегі белгісіздік үркітеді".
Азаттық тілшісі үкіметтің әуелгі жоспары бойынша 2014 жылы тапсырылады деп хабарланған ірі индустриялық-инновациялық жобалардың қазіргі жайын шолып шықты.
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда теңге екі мәрте күрт құнсызданды. Ұлттық банк екі жағдайда да девальвацияның себебін әлемдік экономикадағы дағдарыс салдары деп түсіндірді.
Украинада бұрынғы оппозиция өкілдерінен құралған жаңа үкімет құрамы жарияланды. АҚШ Ресейге Украинаның ішкі ісіне араласпауды ескертті.
Девальвациядан кейін Қазақстан үкіметі «әлеуметтік маңызы бар» азық-түлік түрлерінің бағасын қымбаттатпауды тапсырды. Әкімдіктер мен министрліктердің бұған шамасы мен құзыреті жете ме?
Тағы