«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасына қатысты жұрт көптен күткен қоғамдық тыңдау өтетін күн де, орын да ауыстырылды. Залдың көп бөлігін ұйықтап отырған студенттер толтырды.
Украинада тек саяси дағдарыс қана орнаған жоқ. Экономикалық қолдауға да зәру бұл ел Батыс көмектесер деп үміттенеді.
Өзбекстанда жасалған Daewoo көлігін Қазақстанға әкелуге тыйым салынғаны расталды. Қарапайым тұрғындар «Бұл Ресей көліктерін өткізудің – бір жолы» деп болжайды.
Экономистер мен белсенділердің айтуынша, қаладағы коммуналдық шаруашылықты қызмет тарифтерін өсірмей-ақ жаңғыртуға болады. «Бұған әуелі коммуналдық кәсіпорындардың бюджеті ашық болуы тиіс» дейді олар.
Кейбір кәсіпкерлер мен сарапшылардың болжамынша, теңгенің девальвацияға ұшырауы бизнесті дамытуға кедергі болады. Қазақстан президенті кәсіпкерлерді қолдау үшін 1 триллион теңге бөлуге уәде етті.
Девальвациядан кейін үкіметтің бағаны өсіртпеуді талап етуіне қарамастан Алматы базарларындағы негізгі азық-түлік түрлері қымбаттап барады. Сатушылар «өздеріне көтерме тауардың қымбатқа түсіп жатқанын» айтады.
«Банктердің банкротқа ұшырауы» жөнінде тараған жалған SMS-тің мазмұнын банк өкілдері жоққа шығарғанына қарамастан халық салымдарын қайтарып жатыр.
Қазақстандық валютаның құнсызданғаны басқа елдерге де әсер етіп жатыр. Отбасын асырау үшін Қазақстанға келген еңбек мигранттары да девальвациядан жапа шекті.
"Теңге девальвациясы үйлі-баранды студенттерге қалай әсер етті?" деген сауалға жауап іздеген Азаттық тілшісі оқу орындары жатақханаларына барды.
Дүйсенбі Украинада жүздеген шерушіге рақымшылық жарияланып, дағдарыс шешілетіндей көрінген. Бірақ ертеңінде полиция мен шерушілер қақтығысып, 25 адам өлді.
«Девальвациядан кейін жұрттың Ұлттық банкке сенімі азайды, екінші дәрежелі банктердің де жағдайы қиындады. Бірақ Ұлттық банктің жағдайды тұрақтандыруға шамасы жетеді» дейді экономист.
Қазақстанда теңге девальвациясы елдің есін алып жатқанда, суррогат ақша - биткоинға жұрттың қызығушылығы кеми түсті. Бірақ Қазақстанда бұл валюта туралы білетіндер аз, ал биліктегілер одан аулақ болуға шақырады.
Тағы