Еуропа одағы биыл Ресейден газ сатып алуды азайтып, онжылдық аяғына қарай мүлдем бас тартатынын мәлімдеді. Бұл мүмкін бе? Ресей Еуроодақтың алдын орып, газ жеткізуді тоқтатса не болады?
Қазақстан мұнайының 80 пайызын Ресей арқылы Батысқа шығаратын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай тасымалдайтын қондырғылары істен шығып, жұмысын ішінара тоқтатқалы бір аптадан асты. Сарапшылар мұнай экспортының саябырлауы ұзаққа созылса, теңге тағы құлдырап, жұмыссыздық етек жаяды деп болжайды.
9 наурызда сарапшылар теңгенің долларға шаққандағы бағамы 700:1 болады деп күткенімен, жұрт болжағандай қатты өзгеріс болған жоқ. Ұлттық банк франкфурт аукционын өткізгеннен кейін доллар бағамы 510 теңге маңайына тұрақтады. Бұл нені білдіреді және ары қарай не болмақ?
Ресей әскерінің Украинаға басып кіруі, соғыс, Батыс санкциясы, рубльдің құлдырауы. Теңгенің құнсыздануына әсер еткен оқиғалар тізбегін осылай сипаттауға болатындай. Экономист Айман Тұрсынхан қаржы дағдарысы қаңтар оқиғаларынан кейінгі капиталды сыртқа шығару тенденциясынан басталғанын айтады.
Қазір әлемдік нарықта мұнай бағасы өскеніне қарамастан, Қазақстанда ұлттық валюта теңгенің бағамы құлдырауын ешқандай фактор тоқтата алмай отыр. Сарапшылар теңге бағамын тұрақтандырудағы мүмкіндіктің геосаяси жағдайдың алдында дәрменсіз екенін және оның себеп-салдары жайлы айтады.
Украина шекарасында Ресей әскері көбейді. Қытай бұл жағдайды АҚШ билігін айыптап, Мәскеумен байланысын нығайта түсуге пайдаланғысы келеді дейді сарапшылар.
Шығыс Қазақстанда Шүлбі және Өскемен су электр станциялары бар. Олар Қазақстан тұтынатын энергияның едәуір бөлігін береді. Жақында осы екі станция құрамында шетел инвесторлары бар консорциумға сатылмақ. Мамандар бұл сатылымның күдікті тұсы көп дейді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен "Он ұлттық жобаның" жаңалығы неде? Сарапшылар "аты өзгеріп, заты сол қалпы қалған" жобалардың авторлары да, орындаушылары да ескі кадрлар екеніне назар аударады және оған жұмсалатын триллиондардың есебі болмай ма деп күдіктенеді.
Тағы