Тапқан айлығымның жартысынан көбін қожайыныңа ұстатқан кезде «қашан тапқанымызды өзімізге жұмсайды екенбіз?» деп күйінетін кездерім де жоқ емес.
"Қабырғадағы бұл суреттердің бәрі «хозяйндыкі» ғой. Бізде мұндай суреттер қайдан болсын, өзіміз көрпе-жастығымыз бен ыдыс-аяқтарымызбен таксимен көшіп келгенде".
"Қала жағалап пәтер іздеп кеткеніміздің себебі неде осы? Елдің тамыры ауылда болса, сол тамырды тереңдетіп, көктетіп, көгертудің орнына ортасынан балталағанымыз қалай?"
Басқа балалар секілді «аю келді», «қасқыр жейді» дегенге емес, «хозяин келді» десе, қатты қорқатын. Ол уақыт өте әдетке айналып кетті.
Отағасымен аман-сәлемім түзу. Сұлу жас келіншегі сызылып тұрады. Бір жолы “имандай шыным, ішіңде жүрсін...” деді де сырын ақтарды.
Қазына елден тоналар болса, басталған мұндай жобалар қанша?! Қуанар едік, шіркін-ай бұдан, халықтың жайы оңалар болса.
"Алматыда қанша базар бар? Соның бәрінде қаншама жігіт жаншыла арба сүйреп жүр. Үй туралы армандарын баяғыда жүкке бастырып тастаған, шырағым!"
Тек дұрыс армандай білу керек және әрқашан алға ұмтылып еңбектену керек.
«Қолжетімді» деген заманауи, «модный» сөз енді қолданысқа. Бірақ үйге қолыңды жеткізу үшін жалақың тәуір, әмияның ауыр болуы керек екен.
Жеті баламмен тар бөлмеде түрегеп ұйықтаймыз. Аяғымызды созайық десек, қабырғаға тіземіз тіреледі.
Мынандай шалқар дариядан кейін шылапшын саған жалдамалы пәтердей болып көрінетін шығар. Квартиранттың санын көбейтіп қайтемін.
Біздің квартираны аңсағанымыз қашан... Жылжып жылдар, ағып сулар, өмір өтіп барады.
Тағы