...Осымен әлем шіркін тырп етпей тоса тұрсын, тоқтай тұрсын, біз әлі талайға талайды көрсетіп, талай рет бірінші боламыз!
Бiрақ бiзде президент пен билiктi сынағаны үшiн соттайтын заңның жоқтығынан ұлттық қауiпсiздiк комитетіндегілердің әлгіндей қисынсыз айып табуына тура келдi.
...Ұят үйдегі ұят, ауладағы ұят, көшедегі ұят, аутобустағы ұят, аудандағы ұят, қаладағы ұят, облыстағы ұят, Қазақстандағы ұят, Берлиндегі ұят деп сортталады... өйдә-ә-ә... бірін айт та бәрін айт... Берлиндегі ұятты айт!
Әйтпесе «хабарлықтар» мен сарай зиялылары күш атасы Геракл да, тау көтерген Алпамыс батыр біздің ханымыз секілді күшті бола алмаған деп тарихты қайта жазып жүрсе, өзгеден ұяттау секілді. Ұялатын жөніміз қалмаса да...
«Нұр патша» кезіндегі қазақтардан гөрі ақ патша заманында қазақтар әлде қайда сапалы болған-ау шамасы...
«Дарынсыз басшылар еліміздің Бас газетін бейшара күйге жеткізді» деп аталған сұхбат (Рахым Айыпұлы мен Гүлмира Тойболдина, «ДАТ. Общественная позиция» газеті, 08. 02. 2012 ж.) мені де бейжай қалдырған жоқ. Өзім куә болған қайдағы мен жайдағы есіме түсіп, көз алдыма небір көрініс көлденеңдеді.
Үйге келіп интернетті қоссам Жаңаөзенде төбелес болып жатыр екен. «Тәуелсіздік мерекесіне түкіргендер» бүлік шығарыпты.
Жалпы жұртқа Жаңаөзендегі полицияның халықты қойша қырған әрекеті туралы сұмдық хабар біркелкі жетпей жатыр. Көпшілік «Хабардың» көпірмесі мен «Қазақстанның» лепірме жаңалықтарын көріп, болған жайға тек біржақты баға берген биліктің ойындағысын естіп, тыныш отыр.
Қайда жүрсеңіз де, аман болыңыз. Сіз – 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасының айғағын бүкіл әлемге жария еткен санаулы адамның бірісіз.
Назарбаев режиміндегі кезектен тыс сайлауда «Нұр Отанның» маңдайы жарқырап, тағы да алдына қара салмады. Әсілі, біздің саясат теледидардан күнде көрсететін сериал тәрізді ғой. Бәрін алдын-ала біліп отырасың көріпкел болмай-ақ.
Біздің билік қорғауға зәру емес, халық – зәру. Осыны, өкінішке қарай, кейбір «зиялы» деп жүрген аға-көкелеріміз түсіне алмапты. Ал қиын-қыстау кезінде тіпті халықтың көңілін де аулай алмаған «зиялыларды» сонда сақалы үшін, алған наградалары үшін халық сыйлауы керек пе?
Әкім мырза! Жап-жаңа орынға барғаныңызбен, айтпақшы, апарылғаныңызбен құттықтауға міндетті емес екенімді ескеріп, бірден сіздің жадыңызды жаңғыртып, онда жатқан, иә, егер «жағып жібермесеңіз», бұрынғы үш хатымды есіңізге салғым келді.
Тағы