Қазір одақтасымыздың һәм көршіміздің іші біртүрлі бүлініп тұр. Он жылдан астам биліктің уын ішіп, балын жалаған ВВП-ға "кет" дейді! Таңнан кешке дейін көз ілмеген, шала жанды жаралы империя үшін белін шешпей, басын жастыққа тигізбеген, қазіргі сәтте нағыз мұжықтарға ауадай қажетті деп мақтайтын ВВП-ге "саяси сахынадан қараңды батыр" деп жатыр.
Мұндай қатаң талап ас үйде отырып ұлттық астары «ақаңды» жәукемдеп алғанда ғана емес, үлкен-үлкен алаңдарда, отыз-қырық мыңдай адам қатысқан шерулерде тегеуірінді түрде айтылуда. Аузында ең соңғы азуы қалған баспасөзде соңғы жылдары қағылып кеткен «тістеріне» кек алып отыр ма, әлде бар шындығы сол ма, «елдің зиялы қауымы ВВП-дан теріс айналып кетті» деп соққылауда.
Дегенмен, ВВП-ның әдетіне бір қарайықшы. Ол бірде зау көкте өте жылдам ұтқыр ұшақпен зулап барды. Ол бірде «Формула 1» де, тас жолда дыбыс жылдамдығынан озып барады... Ол бірде көк тұнық мұхиттың астында қырықаяқ шаяндармен танысуда. Ол бірде Солтүстік мұзды мұхитта ақ аюға амандасып жүр. Ол бірде Антрактикада ақ мұздардың ортасында. Ол бірде жанкүйерлермен бірге футболдан соң сыра сораптауда. «Үш әріп» бірде самбоның сиқырын көрсетіп, боз кілемде ойнақ салуда.
Төтенше оқиға бола қалса, сол мезетте төбесін жалтыратып жүрген ол «Уақытында келейін» деп едім, келмей-ақ қой деген соң келмедім» деп жерге қараған емес. «Үш әріптің» ресми кеңсесінде өткізген жиындарының өзі неге тұрады? Камерадан тығылуды, жабық есік дегенді білмейді-ау жарықтық. Баспасөз хатшысы қандай, көшедегі жалаңаяқ тілшінің қасында жүріп, уағызын айтады.
Елді қайта басқаруы мүмкін ол Конституцияны белден басып, патшалық сайлауға үшінші, төртінші рет қатар-қатар түскен де емес. Өз ырқына қаратып, ата заңды сан мәрте өзгерткен де емес. Яғни, Конституцияның талабымен кетіп, қайтадан топқа түсіп жатыр. Енді түсініп көріңіз, сол елдің зиялы қауымы осындай бір орында тұрмайтын, өте белсенді басшыдан неге теріс айналып кеткісі келеді?
Кеңес одағының әскеріне қызмет етуге жарамды денсаулық біздің ханымызда да бар. Бірақ біздікі ВВП секілді ақ тер, көк терге түспейді. Бір жағынан, түспей-ақ та қойғаны дұрыс шығар. Әйтпесе, «хабарлықтар» мен сарай зиялылары күш атасы Геракл да, тау көтерген Алпамыс батыр біздің ханымыз секілді күшті бола алмаған деп тарихты қайта жазып жүрсе, өзгеден ұяттау секілді. Ұялатын жөніміз қалмаса да...