Қазақстан үйреншікті еуропалық инсулиннің орнына Қытайда шығарылған инсулин сатып алған. Қытайда бір ғана зерттеуден және Қазақстанда тек шектеулі клиникалық бақылаудан ғана өткен жаңа препаратқа пациенттер секеммен қарайды. Сарапшылар мен депутаттардың көкейінде де оған қатысты сұрақ көп.
Қазақстанда тасқын су қатері әлі басылмады. 12 облыс аумағында бірнеше елдімекенді су басқан. // Ақорда тасқынға байланысты жиын өткізді. Халықтан кешірім сұраған президент үкіметті сынады. // Әр аймақ халқы апаттан зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруға кірісті.
Қазақстанның 12 облысында ауыл-аймақты су алып, 13 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 5 мыңға жуығы — бала. Эвакуация орталықтарында әлі 6 жарым мың адам жатыр.
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен адамдарға жылу жинап, көмектесіп жатыр. Ірі қалаларда пункттер ашылып, тұрғындар киім, азық, гигиеналық заттар апарып, тапсырып жатыр.
Әлеуметтік желі қолданушылар тасқын су басқан өңірлердегі жағдай туралы видеоларды әлеуметтік желіде жариялап, ел шығынға батқанын жазып жатыр. Билік қауіп әлі сейілмегенін айтады. Президент екі айға жуық уақыт бұрын ғана өзі тағайындаған үкіметті сынап, елден кешірім сұрап, кезекті рет уәде берді.
Тағы