Ресей билігі Украина әскері Курскіде 28 елдімекенді бақылап отырғанын мойындады. Бұл аумақтан 121 мыңдай адам көшірілген. Украина президенті бұл операцияны «Путиннің ақыры» деп атады. Ресей президенті «Киев келіссөздегі салмағын арттыру үшін осындайға барып отыр» деп, бұл жағдайға Батысты айыптады.
Украина әскерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы жалғасып жатыр. Украинамен шекарадағы Курск облысынан мыңдаған адам эвакуацияланды.
Қазақстан Париж олимпиада ойындарын бір алтын, үш күміс, және үш қола жүлдемен жалпы есепте 43-орында аяқтады. Қазақстанның Токио олимпиадасымен салыстырғанда нәтижесі жақсарса да, Париждегі көрсеткішке қатысты сұрақ көп.
Қазақстан Парижде өткен олимпиада ойындарында бір алтын, үш күміс, үш қола медаль алып, жалпы есепте 43-орын алды. Жанкүйерлер арасында бұл нәтижеге қатысты түрлі пікір бар. Ал сарапшылар спортқа бөлінетін қаржы мен нәтижені салыстыру керек дейді.
Қазақстандағы түрме, тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдардың денсаулығына былтырдан бері денсаулық сақтау министрлігі жауапты. Бұған дейін бұл міндет ішкі істер министрлігінің мойынында болатын. Ресми дерек бойынша, қамаудағы мыңдаған адамның созылмалы дерті бар.
Қамаудағы белсенділер мен журналистер түрме мен тергеу изоляторында медициналық көмек алу қиын екенін жиі айтады. Белсенділер емханаға жанкештілікпен жетіп жатқанда Қазақстан түрмелері мен тергеу изоляторларындағы 38 мыңдай адамның денсаулығы қалай? Жұрт көзінен тасадағы олар ауырса, қалай емделеді?
Түркіменстанда жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдер мақта теруге жіберілді. Елде мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен әскери қызметкерлерді экспортқа шығатын маңызды өнім — мақта жинау науқанына тарту үрдіске айналған.
Бангладештегі наразылықтан кейін премьер-министр елден қашып, уақытша үкімет басына студенттердің сұрауымен Парижде тұратын Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммад Юнус келді. «Диктатор кетті» деп қуанған халық ендігі күнін алаңдап та отыр. Олар демократия орнап, жаңа Бангладеш құрылады деп үміттенеді.
Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып, биыл сәуірде ұсталған «мемлекеттік құпия айтылады» деген себеппен іс жабық қаралды. Азаттық экс-министрге шыққан үкім туралы Қаңтар істерімен айналысқан құқық қорғаушылардан пікір сұрады.
Тағы