Қазақстанда туған, ұлты қазақ Марат Дәрменовтің Украинада тұрып жатқанына 20 жылдан асты. Дәрменовтер екінші отанына айналған елді Ресей әскері басып кіргеннен кейін тастап кеткен жоқ. Марат Дәрменовтің ұлы Украина армиясы қатарына кіріп, майданға аттанды. Әкесі еріктілер қатарына қосылды.