Ресейдің Курск облысына көмекке барған Солтүстік Корея армиясы кейінгі уақытта майданның алдыңғы шебінде көрінбейді. The New York Times олар «шегінгенін» жазды. Украинаның Покровск қаласы үшін шайқас жүріп жатыр. Ресей мен Украина соғысындағы кейінгі жаңалықтар топтамасы. 30-31 қаңтар.
Батыс санкциясына ілінген Беларустің "Интеграл" кәсіпорны 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін Ресейге құны 130 миллион еуродан асатын миллиондаған микросхемана жеткізген. Кәсіпорын еуропалық құрал-жабдықтарды Қазақстандағы шағын компания арқылы сатып алған дейді зерттеу авторлары.
Ресейдің Курск облысына соғыс келгелі жүздеген адам іс-түссіз жоғалған. Олардың жақындары бес айдан бері хабар ала алмай отыр. Украина дәрігерлері жараланған солдаттарды қалай емдейді? Украина Ресейді 104 дронмен шабуылдады.
Украина Ресейдің түбіндегі әскери нысандарға, мұнай базаларына дрондармен қалай шабуылдайды? «Настоящее время» тілшілері Ресей тұтқынға түскен украиналықтардың туыстарын қалай алдайтынын тексеріп көрді.
Украинадағы кескілескен шайқас Краматорск, Покровск бағытында жүріп жатыр. Ресей Донбасстағы тағы бір ауылды басып алғанын айтады. Ресей Украинадағы жастарды арбап, өз мақсатына пайдаланып жатыр.
Ақ үйге келген үшінші күнінде АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен бейбіт келісімге ниет танытпаса, санкция шеңгелін қыса түсеміз деп Ресейді қорқыта сөйледі. Кремль бұған қалай жауап берді? Әрі қарай не болуы мүмкін?
АҚШ президенті Дональд Трамп "Украина-Ресей соғысын аяқтауға ықпал ете алады" деген Қытай төрағасымен телефон арқылы сөйлесті. НАТО-ның бас хатшысы “Украина жеңілсе, әскери альянсқа ауыр соққы болады” деді. Өткен түнде украин армиясы Ресейге жүзден астам дронмен шабуылдады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин "келіссөз үстеліне отырмаса, санкция саламыз" деп мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский "Трамппен кездесу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын" айтты.
Дональд Трамп АҚШ президенттігіне кірісті. Ол Путинмен жолығып, Украинадағы соғысты аяқтайтынын тағы мәлімдеді. Путин Трамппен келіссөзге дайын екенін айтты.
Украина мен Ресей соғысына қатысты тосын мәлімдемелерімен белгілі Дональд Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі.
Кремль АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге бірінші болып қоңырау шалады деп күтеді. Трамптың инаугурациясы жақындаған тұста Батыс елдері Ресей басып алған жерлерін өз иелігінде қалдыра ма деп қауіптене бастады.
Тағы