Вадим Чхетиани Украина қарулы күштерінің құрамында Ресейге қарсы соғысып, жараланған. Кейінгі кездері Бахмут ауданында Ресей шабуылынан грузин еріктілері қаза тауып жатқанда, оның жолы болды деуге болады.
Еуропа одағы Брюссельде Украинаға басқыншылық жасап жатқан Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады. Саммитте Украина президенті қаржылай, қару-жарақпен көмектесуді күшейтуді сұрап сөз сөйледі. Іле-шала Ресей де қарап қалмады. Украинаға тағы да зымыран ұшырды.
Ресей Украинаның электр энергия инфрақұрылымын ракетамен жаппай атқылап жатқан тұста Вашингтон Киевке жетілдірілген "Patriot" зымыран жүйесін беретіні айтылды. АҚШ-тың бұл қаруы қаншалықты мықты?
Кейінгі уақытта Ресейдің билікшіл телеарналарында бақсы-балгер, экстрасенс, астрологтар шығып, саяси және әскери болжамдар айтып жүр. Олар "Ресейді жарқын болашақ күтіп тұр, Еуроодақ пен Зеленский құриды" дегенге сенеді. Бақсылардың болжамдарының алды орындалмады.
Ресей қолындағы Қырым о бастан Мәскеудің Украинаға басқыншылығының плацдармы болды. Кейінгі айларда ондағы оккупация билігі түбек ресурстарын Ресей әскеріне жұмсау шараларын күшейткен.
Саратов тұрғыны Виктор Потапов қыркүйекте ішінара мобилизациядан бір апта бұрын ерікті түрде Украинаға соғысуға кеткен. Үйінде әйелі мен екі баласы қалған. Потаповтың үлкен ұлы – мүгедек. Гүлайым Дербесова күйеуінің соғысқа шарасыздықтан кеткенін айтады.
Ресей Украинаға басып кіргелі 10 айға жуықтады. Қыстың келуімен Ресей басқыншылығының жаңа кезеңі басталды. Сүйектен өтетін суық әскердің жағдайын қиындатып, көп нәрсеге қолбайлау болып отыр. Қыста соғыс әдісі қалай өзгереді? Ауа-райы қай тарапқа басымдық береді?
Дәл қазір Украинадағы соғыста ең қиын әрі кескілескен шайқас Донецк облысы Бахмут қаласы маңында болып жатыр. Екі тараптан да адам шығыны көп.
15 қарашада Польшаның аумағына ракета құлап, екі адам қаза тапты. Сол күні кешкісін Ресей Украина астанасы Киев пен тағы 12 аймағын ракетадан атқылаған еді. Польша билігі сол күні кешке қауіпсіздік кеңесі жиынын өткізіп, жағдайды талқылауға кіріскен.
Тағы