Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет шетелге сапарлап барды. Ол 21 желтоқсанда Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, АҚШ Конрессінде сөз сөйлеп, америкалықтардың қолдауына алғыс айтты.
Ресей басқыншылығымен Украинада соғыс басталғанына тура он ай толарда Владимир Зеленский АҚШ-қа аттанып кетті. Вашингтон сапар алдында Киевке тағы көмек беруге бекінген. Ресей "мұның соңы жақсылыққа апармайды" деп мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин 3 жылда алғаш рет Беларуське барды. Жиында Александр Лукашенко соғысқа аралспаймыз дегенімен, Украина президенті Беларусьпен шекараны аса қатаң бақыланатынын аңғартты. Ал Путин-Лукашенко кездесуі өтіп жатқанда Ресей қарулы күштері Киевке әуеден шабуыл жасап жатты.
Бұл мақаланың кейіпкерлері – жаңа елдегі өмірге бейімделіп жатқан жандар. Көптеген қиындық көрсе де, қазіргі тірлігіне шағымы жоғын айтады. Олар "Украинада адамдар бомбадан көз ашпай, қаза тауып жатқанда біз қазір бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз" дейді.
Вадим Чхетиани Украина қарулы күштерінің құрамында Ресейге қарсы соғысып, жараланған. Кейінгі кездері Бахмут ауданында Ресей шабуылынан грузин еріктілері қаза тауып жатқанда, оның жолы болды деуге болады.
Еуропа одағы Брюссельде Украинаға басқыншылық жасап жатқан Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады. Саммитте Украина президенті қаржылай, қару-жарақпен көмектесуді күшейтуді сұрап сөз сөйледі. Іле-шала Ресей де қарап қалмады. Украинаға тағы да зымыран ұшырды.
Ресей Украинаның электр энергия инфрақұрылымын ракетамен жаппай атқылап жатқан тұста Вашингтон Киевке жетілдірілген "Patriot" зымыран жүйесін беретіні айтылды. АҚШ-тың бұл қаруы қаншалықты мықты?
Кейінгі уақытта Ресейдің билікшіл телеарналарында бақсы-балгер, экстрасенс, астрологтар шығып, саяси және әскери болжамдар айтып жүр. Олар "Ресейді жарқын болашақ күтіп тұр, Еуроодақ пен Зеленский құриды" дегенге сенеді. Бақсылардың болжамдарының алды орындалмады.
Ресей қолындағы Қырым о бастан Мәскеудің Украинаға басқыншылығының плацдармы болды. Кейінгі айларда ондағы оккупация билігі түбек ресурстарын Ресей әскеріне жұмсау шараларын күшейткен.
Тағы