Accessibility links

Ресей Украинаның Қырымын Украинаға қарсы пайдалануды күшейтті


Ресейді Қырыммен жалғайтын көпір.
Ресейді Қырыммен жалғайтын көпір.

Ресей қолындағы Қырым о бастан Мәскеудің Украинаға басқыншылығының плацдармы болды. Кейінгі айларда ондағы оккупация билігі түбек ресурстарын Ресей әскеріне жұмсау шараларын күшейткен.

Қарашада Қырым түбегінің Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксенов Украинадағы Ресей әскеріне барып, оларға керек-жарақтарын апарып берген.

"Біздің әскерилер бақылайтын аудандарға сыйлық ала бардым" деді Аксенов. "Екі жүк көлігімен шұлық, киім, дәрі-дәрмек, генераторлар мен басқа да керек-жарақтар, сонымен қатар теледидар апарып бердік".

Мәскеу ақпанда Украинаға басқыншылық жасағанда, Қырым Ресей әскері үшін негізгі плацдарм болды. Олар Қырым арқылы әскер, қару-жарақ, техника мен құрал-жабдықтар тасыды. Ресей бұл жерді 2014 жылы оккупациялаған еді.

Бірақ кейінгі айларда Мәскеу Қырымның ресурстарын қолдануды күшейтті. Қазанның аяғында Ресей президенті Владимир Путин Ресеймен шектесетін аймақтарда және Қырымда қауіпсіздік режимі күшейтілетінін мәлімдеді. Путин оккупация билігінің Қырымдағы "азаматтық инфрақұрылымды қарулы күштерің қажеттіліктерін жабдықтауға қолдану" құзыретін кеңейтті дейді Crisis24 қауіпсіздік жөніндегі халықаралық кеңесшілер тобы.

Ресей басып алған Қырымның басшысы Сергей Аксенов (артқы қатардың ортасында) Ресей сарбаздарымен бірге. Қырым, 15 қараша 2022 жыл.
Ресей басып алған Қырымның басшысы Сергей Аксенов (артқы қатардың ортасында) Ресей сарбаздарымен бірге. Қырым, 15 қараша 2022 жыл.

Қырымдағы ірі кәсіпорындар түгел дерлік оккупация билігінің "Ресейдің жеңісі үшін!" деген ұранымен жұмыс істеп жатыр. Шағын кәсіпорындар мен мектептер, басқа да азаматтық мекемелер Ресей армиясын жабдықтауға жұмылдырылған. Қыркүйекте Путин әскери мобилизация жариялаған соң, билік партиясы "Единая Россияның" жергілікті бөлімдері Қырым тұрғындарынан әскерилерге азық-түлік жинай бастаған.

Қырымнан майданға құрал-жабдық жіберу шараларын Ресей қарулы күштерінің жабдықталу проблемасы бар деген хабарламалар растай түседі. Ал Мәскеу болса әскерінің әлем бойынша екінші орында тұрғанын айтып мақтанумен келген еді.

МАЙШАМ МЕН КРУАССАН

Оккупация билігіне қатысы бар баспасөз құралында 17 қарашада шыққан хабарламада "Қырымдағы ұйымдар мен кәсіпорындар майданға көмек жіберді" деп жазылған.

"[Қырым астанасы] Симферопольдегі зауыт жер, әуе және ғарыш қаруы үшін қолданылып жатыр. Қырымдағы наубайханалар майданға бәліш пен круассан жіберіп, Симферополь колледжінің студенттері әскерилерге шекпен тігіп жатыр" деп жазылған хабарламада. "Қырымдағы еріктілер борщ қайнатып, майшам жасап, шұлық тоқып жатыр".

6 желтоқсанда Аксенов әлеуметтік желіде Ресей жаяу әскеріне "гуманитарлық көмек" жіберілгенін жазды. Оның ішінде газ плитасы, канистр, жылытқыштар, жылы киім, дәрі-дәрмек, азық-түлік пен гигиена заттары бар".

Қырымның солтүстігінде Красноперекопск қаласында "Единая Россия" партиясы оқушылар мен ата-аналардан сарбаздарға көмек жинаған. Партияның баспасөз хабарламасында "азық-түлік, жылы шұлық, гигиена құралдары мен дәрі-дәрмек" бар 16 пакет жиналғаны жазылған.

"[Оккупация билігінің] білім министрлігі Қырым мектептерінің чат топтарында әскерилерге бас киім, балаклав пен құлаққап жинауға шақырып жатыр" деді Қырым татарлары орталығының директоры Ескендір Бариев. "Ата-аналар мен оқушыларға 12 желтоқсанға дейін хаки, қою сұр, қоңыр немесе қара түсті мата жинау ұсынылған. Тоқи алатын адамдардан дайын өнімді 16 желтоқсанға дейін әкелуді сұраған".

"Олар соғыс үшін қажеттінің бәрін халықтан сұрап, сорып алып жатыр" деді Бариев. Ол мұндай көмек адамзатқа қарсы соғысты қолдауға пара-пар дейді.

"БӘРІ МАЙДАНҒА"

Симферопольдегі "Фиолент" электроника зауыты толықтай Ресей қорғаныс министрлігіне өнім шығаруға көшті деп жазды Аксенов зауытқа барып келген соң әлеуметтік желіде.

"Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз" деп жазды ол. "Бәрі майданға! Бәрі жеңіс үшін!"

Сергей Аксенов Қырымдағы "Фиолент" зауытында. 9 қараша 2022 жыл.
Сергей Аксенов Қырымдағы "Фиолент" зауытында. 9 қараша 2022 жыл.

Киев те Қырымдағы оккупация билігінің мобилизация шаралары туралы айтты. 5 желтоқсанда ол бұрын тротуар плиткаларын шығарған Симферополь зауыты қазір танктерге қарсы бөгеттер жасайды деп жазды.

симферопол зауыты бұрын тротуар плиткасын шығарған қазір танкке қарсы бөгеттер шығаратынын

Қарашаның аяғында Аксенов "әскерилерге қажет тауарларды өндірушілердің" несиесін субсидиялау бағдарламасын жариялады. Бағдарлама "киім, униформа, құрал-жабдық, жеке гигиена құралдары, фармацевтика және медицина тауарлары, радио құрылғылар мен бақылау құралдарын" шығаратындарға бағытталған.

Азаттық радиосының Қырым редакциясындағы Виктория Веселованың хабарына сүйеніп жазылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG