Ауғанстанда тәліптер билікке келген соң елден кеткен мыңдаған ауған сарбазы Иранда тұрып жатыр. Көбі қара жұмыс істеп, қоқыс теріп кетуге мәжбүр болса, кейбірі Ресейдің жекеменшік әскери топтарының шақыруымен Украинадағы соғысқа қатысуға дайын екенін айтады.
Америкалық әскери стратег әрі жазушы Шон Макфейтті кейде ежелгі қытай қолбасшысы Сунь Цзымен салыстырады. Ол Азаттыққа сұхбатында Ресейдің соғысты бейбітшілік деп көрсетпек болғаны, Украинаға басқыншылықты тоқтатуға көмектесетін "астыртын соғыстың" пайдасы мен зияны туралы айтты.
2022 жылғы іс-әрекеттері үшін халықаралық санкцияларға тап болған Ресей мен Иран енді кіммен сауда жасамақ? Әрине, бір-бірімен және аластатылған кішігірім мемлекеттермен. Бұлар күш біріктіріп, Батыспен бәсеке жарыстыруға қабілетті ме? Сарапшылар ол күмәнді дейді.
Азаттық 2022 жылы Қазақстанның сыртқы саясаттағы іс-қимылы, сонымен қатар Ресейден Қазақстанға айтылған түрлі қоқан-лоқы, бұған қоса Орталық Азияда адам құқықтары тапталып жатқанда Батыс елдерінің дауысы бұрынғыдай емес, неліктен құмығып естілетінін сарапшы Уайлдер Алехандро Санчеспен талқылады.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапарлап қайтқан соң Ресей Донецк облысы Краматорск қаласына екі рет зымыранмен шабуыл жасады. Ал Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Patriot зымыран кешенін Украина армиясына жеткізуі соғысты созып жібереді деп мәлімдеді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа Вашингтон берген ұшақпен барды. Байден мен Конгресс оны жылы қарсы алып, қошемет көрсетті. Ақ үй Украинаға қаражат бөлетінін, Patriot әуе шабуылынан қорғау жүйесін беретінін мәлімдеді. Зеленский бұдан өзге не сұраған еді?
Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет шетелге сапарлап барды. Ол 21 желтоқсанда Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, АҚШ Конрессінде сөз сөйлеп, америкалықтардың қолдауына алғыс айтты.
Ресей басқыншылығымен Украинада соғыс басталғанына тура он ай толарда Владимир Зеленский АҚШ-қа аттанып кетті. Вашингтон сапар алдында Киевке тағы көмек беруге бекінген. Ресей "мұның соңы жақсылыққа апармайды" деп мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин 3 жылда алғаш рет Беларуське барды. Жиында Александр Лукашенко соғысқа аралспаймыз дегенімен, Украина президенті Беларусьпен шекараны аса қатаң бақыланатынын аңғартты. Ал Путин-Лукашенко кездесуі өтіп жатқанда Ресей қарулы күштері Киевке әуеден шабуыл жасап жатты.
Тағы