Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапарлап қайтқан соң Ресей Донецк облысы Краматорск қаласына екі рет зымыранмен шабуыл жасады. Ал Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Patriot зымыран кешенін Украина армиясына жеткізуі соғысты созып жібереді деп мәлімдеді.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа Вашингтон берген ұшақпен барды. Байден мен Конгресс оны жылы қарсы алып, қошемет көрсетті. Ақ үй Украинаға қаражат бөлетінін, Patriot әуе шабуылынан қорғау жүйесін беретінін мәлімдеді. Зеленский бұдан өзге не сұраған еді?
Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет шетелге сапарлап барды. Ол 21 желтоқсанда Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, АҚШ Конрессінде сөз сөйлеп, америкалықтардың қолдауына алғыс айтты.
Ресей басқыншылығымен Украинада соғыс басталғанына тура он ай толарда Владимир Зеленский АҚШ-қа аттанып кетті. Вашингтон сапар алдында Киевке тағы көмек беруге бекінген. Ресей "мұның соңы жақсылыққа апармайды" деп мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин 3 жылда алғаш рет Беларуське барды. Жиында Александр Лукашенко соғысқа аралспаймыз дегенімен, Украина президенті Беларусьпен шекараны аса қатаң бақыланатынын аңғартты. Ал Путин-Лукашенко кездесуі өтіп жатқанда Ресей қарулы күштері Киевке әуеден шабуыл жасап жатты.
Бұл мақаланың кейіпкерлері – жаңа елдегі өмірге бейімделіп жатқан жандар. Көптеген қиындық көрсе де, қазіргі тірлігіне шағымы жоғын айтады. Олар "Украинада адамдар бомбадан көз ашпай, қаза тауып жатқанда біз қазір бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз" дейді.
Вадим Чхетиани Украина қарулы күштерінің құрамында Ресейге қарсы соғысып, жараланған. Кейінгі кездері Бахмут ауданында Ресей шабуылынан грузин еріктілері қаза тауып жатқанда, оның жолы болды деуге болады.
Еуропа одағы Брюссельде Украинаға басқыншылық жасап жатқан Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады. Саммитте Украина президенті қаржылай, қару-жарақпен көмектесуді күшейтуді сұрап сөз сөйледі. Іле-шала Ресей де қарап қалмады. Украинаға тағы да зымыран ұшырды.
Ресей Украинаның электр энергия инфрақұрылымын ракетамен жаппай атқылап жатқан тұста Вашингтон Киевке жетілдірілген "Patriot" зымыран жүйесін беретіні айтылды. АҚШ-тың бұл қаруы қаншалықты мықты?
Тағы